Қарасу ауданы әкімнің аппараты» мемлекеттік мекемесі қаржы-шаруашылық бөлімі туралы ереже

«БЕКІТЕМІН»

Қарасу ауданы әкімі

аппаратының басшысы

_______________ С.Нугурбеков

20201  жылғы  «   »

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Қаржы-шаруашылық бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасынің өзге де нормативтік құқықтық актілерін, «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережесін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
  2. Қаржы-шаруашылық бөлімі:
  • басшыдан;
  • бас маманнан тұрады.

 

  1. Қаржы-шаруашылық бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндеті: аудан әкімінің аппаратын қаржы, шаруашылық қамтамасыз ету.

Функциялары:

  • бюджет жобасын әзірлеу, аудан әкімі аппаратының қаржыландыру жоспарын орындау;
  • заңнамаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетінқызметтерді сатып алуды жүзеге асыру;
  • салықты есептеу және аудан бюджетіне аудару;
  • бухгалтерлік есепті, аудан әкімінің аппаратын ұстаумен байланысты операцияларды жүргізу;
  • қаржы тәртібін сақтау, қаражатты тиімді және мақсатты қолдану,  материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау;
  • ауданәкімі аппаратының жұмыскерлерін материалдық қорлармен қамтамасыз ету, оларды орналастыру мәселелерін шешу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және аудан әкімінің нормативтік құжаттарымен жүктелген басқа да міндеттер.
  1. Қаржы –шаруашылық бөлімі мемлекеттік Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген қаржыны басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды жүзеге асырады.

Қаржы-шаруашылық бөлімі оның қызметінде тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.

  1. Қаржы-шаруашылық бөлімі Заңға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. Қаржы-шаруашылық бөлімі:

1) мемлекетік органдардың басқа да құрылымдық бөлімшелерінен оған Заңда жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мліметтерді сұратады және алады;

2) қаржы қызметі жөніндегі уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшесімен өзара іс-қимыл етеді.

 

  1. Қаржы-шаруашылық бөлімінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Қаржы-шаруашылық бөлімі тікелей аппарат басшысына бағынысты.
  2. Қаржы-шаруашылық бөлімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.
  3. Қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы құрылымдық бөлімшеге жалпы басшылықты жүзеге асырады.
  4. Басқа да құрылымдық бөлімшелерге қаржы-шаруашылық бөлімінің атынан жолданатын құжаттарға басшы, ал ол жоқ болған дағдайда – оны алмастыратын тұлға қол қояды.

 

 

Қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы

аппаратының бөлім                                                                                   Б.Алиева

Дата публикации
21 декабря 2023