Қарасу ауданы әкімнің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына мониторингі, ішкі бақылау бөлімі туралы ереже

«БЕКІТЕМІН»

Қарасу ауданы әкімі

аппаратының басшысы

__________С.Нугурбеков

 «16 » тамыз 2021 жыл

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Мемелекеттік көрсетілетін қызметтерді ішкі бақылау, мониторинг жүргізу және ақпараттық технологиялар бөлімі (бұдан әрі - бөлім) «Қарасу ауданының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болым табылады
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, аудан әкімі аппараты туралы ережені, акдан әкімдігінің Регламентін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілінген тәртіппен аудан әкімдігі бекітеді.
  4. Бөлім:

1) бөлім басшысынан;

2) жетекші маманнан тұрады.

 

2.Бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен

міндеттері

 

1 Міндет: жергілікті атқарушы органдарын мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және мониторинг.

Функциялары:

  • Мемлекеттік қызмет көрсететін аудан әкімдігінің бөлімдерәмен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруда қамтамасыз ету
  • Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі шараларды қолдану ;
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады;қаржы тәртібін сақтау, қаражатты тиімді және мақсатты қолдану,  материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау;
  • Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша аудан әкімдігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің мониторингін жүзеге асырады;

 

2-Міндет: жергілікті атқарушы органдардың электрондық мемлекеттік қызметтерін дамыту.

Функциялар:

1) аудан әкімдігінің мемлекеттік қызметтерін көрсетуді автоматтандыратын ақпараттық жүйелерді енгізу және пайдалану бойынша іс-шараларды бірыңғай тәсілін және үйлестірілуін қамтамасыз етеді.

2) аудан әкімдігі электрондық форматта көрсететін мемлекеттік қызмет түрлері мен пайдалынушыларыныі үлесін аудару және ұлғайту бойынша іс-шараларды бақылайды;

3) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

3-Міндет: аудан әкімі аппаратында ақпараттық жүйелерді дамыту.

Функциялар:

1) Ақпараттық технологияларды қолдану жөніндегі ведомстволық актілерді (ережелер, нұсқаулықтар, регламенттер және т.б.) әзірлеу және бекіту;

2) Тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарын, стратегиялық жоспарды және аудан әкімі аппаратыныі ақпараттандыру саласындағы бюджеттік өтінімін қалыптастыруға қатысу;

3) Ақпараттандыру саласындағы бағдарламаларды іске асыру шеңберінде және технологияларды және технологияларды, бағдарламалық өнімдер мен дерекқоларды енгізу бөлігінде басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

4) Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсын жаңғырту бойынша ұсыныстар енгізу, жұмыс істеуін қамтамасыз ету,;

5) Аппаратының электрондық ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

 

  1. Құқықтары мен міндеттері:

 

1) тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарын, стратегиялық жоспарын және аудан әкімі аппаратының ақпараттандыру саласындағы бюджеттік өтінімін қалыптастыруға қатысу;

2) бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін құрылымдық бөлімшелерден, ведомстволық бағынысты ұйымдардан, өзге де ұйымдар мен заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;

3) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдістемелік материалдар, ұсынымдар әзірлеу:

4) аудан әкімі аппаратының басшылығымен бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелерді талқылауға қатысу;

5) ақпараттық технологияларды қолдану жөніндегі қызметтің тиімділігін бағалау үшін жоғары тұрған органға ақпаратты уақтылы ұсынуды дайындау және қамтамасыз ету;

6) жоғары тұрған органға көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы шынайы ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпаратты дайындау және ұсынуды қамтамасыз ету;

7) бөлім қызметкерлерінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету.

 

  1. Бөлім қызметін ұйысдастыру
  2. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларына, облыс және аудан әкімдіктерінің шешімдері мен өкімдеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  3. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшысы басқарады.

Бөлім басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

Бөлім басшысы аудан әкімі аппаратының басшылығына Бөлімнің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

Осы мақсатта бөлім басшысы:

бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

лауазымдық нұсқаулығына, заідарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттар бөлім басшысымен, ал болмаған жағдайда ұйымдастыру – бақылау жұмысы бөлімнің басшысымен келісуден өтеді.
  2. Бөлім басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге міндетті және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының сақталуына дербес жауапты болады.
  3. Бөлім басшысы мен қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіпте бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарымен анықталады.

 

Дата публикации
21 декабря 2023