«БЕКІТЕМІН»
Қарасу ауданы әкімі аппаратының басшысы
_____________С. Нугурбеков
2022 жылғы «09» тамыз
Аудан әкімі аппаратының
бірыңғай персоналды басқару қызметі
(кадрлармен жұмыс) бөлімі
ЕРЕЖЕСІ
1.Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр жұмысы) бөлімі аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз қызметін аудан әкімі аппаратының басқа құрылымдық бөлімшелерімен, ауданның атқарушы және өкілді органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
2.Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулыларын, облыс, аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін, басқа да нормативтік актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы Заңнамасын, Қазақстан Республикасының сондай-ақ осы Ережемен.
4.Бөлім мыналардан тұрады:
1) басшының;
2) бас маманнан.
2.Негізгі міндеттері мен функциялары
Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінің тұтас жүйесін қалыптастыру:
Функциялар:
5-1) мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
5-2) мемлекеттік органның кадрларға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;
5-3) мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;
5-4) мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде "е-қызмет"персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу.
Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінің тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызмет өткеруді қамтамасыз ету.
Функциялар:
6-1) мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;
6-2) Мемлекеттік орган кадрларының кәсіби дамуын, оның ішінде белгіленген мерзімдерге сәйкес мемлекеттік қызметшілерді тағылымдамаларды, даярлауды, қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету;
6-3) конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
6-4) Мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату, қызметтік тергеп-тексерулер жүргізу, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау, аттестаттау және оқыту рәсімдерінің сақталуын, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) қамтамасыз ету;
6-5) кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру.
Мемлекеттік органда корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту.
Функциялар:
7-1) мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;
7-2) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік органның актісімен бекітілетін мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу болып табылады.
7-3) бөлім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.
Бөлімге оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.
11.Аудандық және аумақтық атқарушы билік органдарынан, ауыл және ауылдық округ әкімдерінен өз міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға;
12.Аудан әкімі аппаратының басшысына бөлімнің және аудан әкімі аппаратының қызметін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар енгізуге.
Қарасу ауданы әкімі аппаратының
бірыңғай персоналды
басқару қызметінің басшысы Г. Қарамырзина