Қарасу аудандық мәслихатының «Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешімінің жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді.
Қарасу аудандық мәслихатының «Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешімінің жобасы Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында «НҚА» тарауының «Қарасу ауданы әкімінің және әкімдігінің НҚА жобалары» қосымша парағында орналастырылды, сондай-ақ https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14727393 «Ашық НҚА» интернет-порталында 2023 жылғы 26 қыркүйекте жарияланды.