Қарасу ауданы Челгашин ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы хабарлама

Қарасу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округінің әкімінің сайлауы 2023 жылғы 24 қыркүйекте өтті.

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы   Конституциялық   Заңының   14-бабы   9)  тармақшасына,   44-бабы   2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссиясының Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде Шолақашы ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындыларын Қарасу аудандық сайлау комиссиясы белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1648 азамат енгізілді, оның 805 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 31, «Бәріне қарсымын» жолында белгісі бар - 55.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бустекова Ш.М. - 337; Тургумбаева А.М. – 177; Щигель Г.Г. – 205.

«АМАNAT» партиясы» ҚБ ұсынған Шолақашы ауылында тұратын  Бөстекова Шолпан Мырзалықызы 1978 жылы туған Шолақашы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

 

Қарасу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Қарасу ауданы Челгашин ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы хабарлама
Дата публикации
25 сентября 2023