Жоба Қостанай облысы Қарасу ауданы Айдарлы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Қарасу аудандық
мәслихатының төрағасы С. Қажиев
Мәслихаттың
2023 жылғы «__»______
№ __ шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы Қарасу ауданы Айдарлы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Жалпы ережелер
1) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындары - ауыл, ауылдық округ, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;
2) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Айдарлы ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
Бөлек жиынның төрағасы, егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:
1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілетін күні мен орны;
2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
3) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген қатысушылардың саны мен тізімі;
4) жергілікті қоғамдастық жиыны немесе жергілікті қоғамдастық жиналысы төрағасының және хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
5) күн тәртібі, сөз сөйлеу мазмұны және қабылданған шешімдер.
Мәслихаттың
2023 жылғы «__»______
№ __ шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Қарасу ауданы Айдарлы ауылдық округінің
жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
|
Елді мекеннің атауы
|
Өкілдерінің саны (адам) |
|
Айдарлы ауылының тұрғындары үшін |
5 |
|
Советская көшесі |
1 |
|
им.Гагарина көшесі |
1 |
|
Молодежная көшесі |
|
|
Южная көшесі |
1 |
|
Степная көшесі |
|
|
Комсомольская көшесі |
|
|
Новая көшесі |
1 |
|
Калининградская көшесі |
|
|
Целинная көшесі |
|
|
Октябрьская көшесі |
|
|
Орешонка көшесі |
1 |
|
Ленина көшесі |
|
|
Львовская көшесі |
|
|
Пионерская көшесі |
|
|
Дружба ауылының тұрғындары үшін |
1 |
|
Пристанционная көшесі |
|
|
К.Маркса көшесі |
|
|
8 Марта көшесі |
|
|
Ленина көшесі |
|
|
Школьная көшесі |
|
|
Герцено ауылының тұрғындары үшін |
2 |
|
Карпатская көшесі |
|
|
Ленина көшесі |
|
|
Набережная көшесі |
1 |
|
Новозаречная көшесі |
|
|
Заречная көшесі |
|
|
Герцена көшесі |
1 |
|
Комсомольская көшесі |
|
|
Степное ауылының тұрғындары үшін |
2 |
|
Дружба көшесі |
|
|
Целинная көшесі |
|
|
Кубанская көшесі |
1 |
|
Свердлова көшесі |
1 |
|
Набережная көшесі |
|
|
Гагарина көшесі |
|
|
Больничный жолақ |
|
|
Молодежный жолақ |
|
|
Барлығы |
10 |