Қарасу аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 183
«Қарасу ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің күшін жою деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Қарасу аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 183 «Қарасу ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31182 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.