2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік гранттар ұсыну ШАРТТАРЫ

Мемлекеттік гранттар жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін экономиканың басым секторларында (Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына                        1-қосымша бойынша Тізбеге сәйкес) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге (өтініш берген кезде жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аспаған  29 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жеке кәсіпкер), ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге (өтініш берген кезде жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аспаған жеке кәсіпкер), сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне және «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының қатысушыларына, қайссыларға экономиканың басым секторларында мемлекеттік грант беру бөлігінде талап таралмайды (акцизделетін өніммен байланысты қызметті жүзеге асыратындарды қоспағанда, салалық шектеулерсіз кез келген қызмет түріне өтінім бере алады) өтеусіз негізде беріледі.

Гранттың ең жоғарғы сомасы – 5 млн. теңге.

Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарау кезінде келесі өлшемшарттардың негізінде (оның ішінде осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 5-қосымшада көрсетілген кәсіпкердің бизнес-жобасын бағалау өлшемшарттарын басшылыққа ала отырып) мемлекеттік грант беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды:

- бизнес-идеялардың жаңалығы (Қостанай облысында баламасы жоқ тауарларды шығаруды, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау, жаңа немесе жетілдірілген технологияларды қолдануды көздейтін жобалар);

- бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау-маркетингтік талдау);

- бизнес-жобаның енгізуге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, кәсіпкерді орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның дайындық деңгейі).

Бизнес-жобаның міндетті шарттары ұсынылатын грант көлемінің кемінде 20% мөлшерінде оны іске асыруға арналған шығыстарды кәсіпкердің бірлесіп қаржыландыруы (ақшалай қаражаты), оның ішінде жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікпен, сондай-ақ кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және/немесе жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы болып табылады.

Кәсіпкерлер грант қаражатын келесі мақсаттарға пайдалануы тиіс:

- негізгі құралдарды (оның ішінде негізгі құралдарды салу/ жаңғырту/реконструкциялау/күрделі жөндеу), тауарларды шығару немесе қызметтер көрсету үшін қажетті шикізат пен материалдарды сатып алуға;

- материалдық емес активтерді сатып алуға;

- технологиялар сатып алуға;

- кешенді кәсіпкерлік лицензияға (франчайзинг) құқықтарды сатып алуға;

- зерттеу жұмыстарына, жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығындарға.

Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру мерзімі грант беру туралы шартқа қол қойылған сәттен бастап 18 (он сегіз) айдан аспауы тиіс.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант қаражатын келесі мақсаттарға пайдалануға болмайды:

1) жылжымайтын мүлікті және/немесе жер учаскесін сатып алуға;

2) жалдау ақысы ретінде;

3) негізгі құралдарды/активтерді сатып алуға (қызметтерді алуға/жұмыстарды орындауға), аффилиирленген/байланысты компаниялардан/тұлғалардан және (немесе) кәсіпкердің жақын туыстарынан ("Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы"Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалған);

4) пайдалануда болған негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға;

5) кабинадан оқшауланған шанағы немесе жүк платформасы бар жүктерді тасымалдауға арналған автокөлікті, сондай-ақ осы мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдері мен жеңіл автокөлік құралдарын жалға алуға және жалға алуға байланысты жобаларды қоспағанда, жеңіл автокөлік сатып алуға;

6) өңдеу өнеркәсібіне жататын тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі жобаларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларын (ірі/ұсақ мал, құс, аралар, сондай-ақ өзге де ауыл шаруашылығы жануарлары) сатып алуға құқығы бар.

Келесі кәсіпкерлер түрлеріне гранттар берілмейді:

  - қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған;

  - салықтар және мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі барларға;

  - қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып табылатындар;

- мемлекеттік грант алуға өтінім берген кезде ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20% мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесіп қаржыландыруды (ақшалай қаражатпен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) растамағандар;

- мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіміндегілерге;

- конкурсқа қатысушының кредиттік тарихына сәйкес қаржылық міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегі барларға;

- осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар беру бойынша қолдау алғандарға (оның ішінде «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының және «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының қолданылу кезеңінде);

- тіркелген және конкурс өткізілетін аймаққа сәйкес келмейтін басқа өңірде бизнес-жобаны іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлерге берілмейді.

Құжаттарды қабылдау Kezekte.kz субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Алынатын грантқа ҚР Салық кодексіне сәйкес салық салынады.

Байланыс телефоны: 8 (714-2) 90-20-58

Ресми интернет-аккаунттар: «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ сайты, Instagram (kiidb_kostanay) және Facebook (upiirKO).

 

 

______________________

2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде гранттық қаржыландыруға қатысу үшін

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

 

Грант алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматында келесі сканерленген құжаттардың көшірмелерін қоса тіркейді:

  • өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (бар болса) расталған анықтама;
  • ескіру мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын, кәсіпкердің 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20%-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесіп қаржыландырудың болуын растайтын құжаттар (ақша қаражатымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен), кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;
  • кәсіпкердің экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыруы туралы мәліметтері бар жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы нәтижесінде мәліметтер түспеген жағдайда).

 

______________________

 

Дата публикации
22 августа 2023