Ильичев ауылдық округі әкімінің «Қарасу ауданы Ильичев ауылдық округі Комсомольское ауылындағы көше атын өзгерту туралы» шешімнің жобасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Ильичев ауылдық округі әкімінің «Қарасу ауданы Ильичев ауылдық округі Комсомольское ауылындағы көше атын өзгерту туралы» шешімнің жобасы Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында «НҚА» тарауының «Қарасу ауданы әкімінің және әкімдігінің НҚА жобалары» қосымша парағында, сондай-ақ https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14664222 «Ашық НҚА» интернет-порталында 2023 жылғы 10 тамызда жарияланды.