Қарасу ауданының елді мекендері жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схема), елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8, 11-бабтарына сәйкес, Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарасу ауданының елді мекендері жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схема) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қарасу ауданының елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы С. Қажиев