
Әдеп жөніндегі уәкіл
Балашов Фархад Ғиззатұлы
1987 жылы 2 маусымда Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын ауылында дүниеге келген. Білімі Жоғары, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша.
2012 жылдан бастап мемлекеттік қызметте: Әулиекөл ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Рудный қаласының ішкі саясат бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, Рудный қаласы әкімінің көмекшісі, Ұзынкөл ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары.
2023 жылдың маусым айынан бастап "Қостанай облысы әкімінің аппараты"ММ Әдеп жөніндегі уәкілі.
Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже.
- мемлекеттік қызметшілерге ҚР Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары, консультациялық көмек көрсету;
- мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
- мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру;
- қызметтік әдеп нормаларының сақталуын мониторингілеу және бақылау;
- құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдау, оларды жою жөніндегі ұсынымдар;
- азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау.
Байланыс ақпараты:
Қостанай қаласы Әл-Фараби даңғылы 66. каб.204. телефон: 8 (7142) 530-830
E-mail: f.balashov@kostanay.gov.kz
Мемлекеттік қызметшілер мен өзге де Азаматтарды қабылдау кестесі
|
Қабылдау күні |
қабылдау орны |
|
ай сайын әр айдың соңғы сәрсенбісі |
Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы 66. каб.204. |