Қарасу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Қарасу ауданы Жалғысқан ауылы әкімінің сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

Қарасу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қарасу ауданы Жалғысқан ауылының әкімінің сайлауы 2023 жылғы 11 маусымда өтті.

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы   Конституциялық   Заңының   14-бабы   9)  тармақшасына,   44-бабы   2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссиясының Қарасу ауданы Жалғысқан ауылы әкімінің сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде Жалғысқан ауылы әкімінің сайлау қорытындыларын Қарасу аудандық сайлау комиссиясы белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 393 азамат енгізілді, оның 295 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 5, «Бәріне қарсымын» жолында белгісі бар - 29.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Лебухова И.С. – 182; Маличенко А.Г. – 45; Мұхамедова Д.Т. – 34.

«АМАNAT» партиясы» ҚБ ұсынған Жалғысқан ауылында тұратын  Ирина Сергеевна Лебухова 1995 жылы туған Жалғысқан ауылының әкімі болып сайланды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық  Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 13 маусымдағы шешімімен 2023 жылғы 11 маусымда сайланған Қарасу ауданы Жалғысқан ауылының әкімін Қарасу аудандық сайлау комиссиясы тіркеді.

 

Қарасу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
13 июня 2023