Өткізу орны: Жалғызхан а., Жалғызхан ауылы әкімі аппаратының ғимараты
29 мамыр 2023 жыл, сағат 10.00
Жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысушылардың жалпы саны 32, оның ішінде жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысушылардың өкілдік құрамына кіретін 7 адам.
Жергілікті қоғамдастық жиналысына жіберілген қатысушылардың жалпы саны - 7.
Қатысқандар: Ю.В. Ерохина – Жалғызхан ауылы әкімінің міндетін уақытша атқарушы, жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері С.В. Ященко, С.К. Тасболатова, А.Ж. Ұқышпаева, М.М. Чайникова, С.К. Мұхамеджанов, Л.И. Адамидис, А.А. Валеева, В.Л. Лукович, Жалғысқан ауылы Комсомольская көшесінің тұрғындары.
Шақырылғандар: "Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ басшысы Сауытбаев Мұрат Қалбайұлы.
Жиналысты Жалғызхан ауылы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ю.В. Ерохина ашты.
Құрметті Жалғызхан ауылының тұрғындары!
2023 жылғы 17 сәуірде бізге Жалғызхан ауылының тұрғынынан Жалғызхан ауылының Комсомольская көшесін Абайдың есімімен қайта атау мәселесі бойынша өтініш келіп түсті.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы мәселелер бойынша шешім жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданады.
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 10-тармағына сәйкес жергілікті қоғамдастықтың жиналысын жүргізу үшін ашық дауысты жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысы сайланады.
Кандидатуралар бойынша қаңдай ұсыныстар бар?
Жиналыстың төрағасы ретінде С.В. Ященконы сайлау туралы ұсыныс келіп түсті.
Басқа ұсыныстар бар ма? Жоқ.
Дауыс берулеріңізді сұраймыз.
Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы болып С.В. Ященко сайлануына кімдер ия дейді?
Дауыс берулеріңізді сұраймыз.
«Қарсы емес»-барлығы, «Қарсы»-жоқ, «Қалыс қалған»-жоқ.
Қабылданады. Бірауыздан жиналыс төрағасы ретінде С.В. Ященко сайланады.
Жиналыстың хатшысы ретінде С.К. Тасболатованы сайлау туралы ұсыныс келіп түсті.
Дауыс берулеріңізді сұраймыз.
«Қарсы емес»-барлығы, «Қарсы»-жоқ, «Қалыс қалған»-жоқ.
Қабылданады. Бірауыздан жиналыс хатшысы ретінде С.К. Тасболатова болып сайланады.
Сөз жиналыс төрағасы Сергей Викторович Ященкоға беріледі.
С.В. Ященко: Құрметті Жалғызхан ауылының тұрғындары! Жергілікті қоғамдастық жиналысына округтің 32 тұрғыны қатысып отыр. Жергілікті қоғамдастықтың 7 мүшесінен 7 адам бар.
Жергілікті қоғамдастық жиналысы заңды деп есептеледі.
Күн тәртібінде 1 мәселе
Кім осы күн тәртібіне қарсы емеспін дегендер дауыс берсін:
Кім «қарсы емес»-барлығы
«Қарсы»-жоқ
«Қалыс қалған»-жоқ
Қабылданды.
Айта кету керек, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-2-бабының 10-тармағына сәйкес жергілікті қоғамдастық мүшелері:
Кім осы мәселе бойынша сөз сөйлейді?
Сөз сөйлегендер:
Л.И. Адамидис: Қайырлы күн! Жергілікті қоғамдастық жиыны-шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) белгілі бір шешім қабылдауға қатысуы. Жергілікті қоғамдастық жиналысы-жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық мүшелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы.
Мәслихат сессиясында пайыздық қатынаста жергілікті қоғамдастық мүшелерінің саны бекітіледі. Жергілікті қоғамдастық жиынында жергілікті қоғамдастық мүшелері 7 адамға өкілеттік берді. Бұл 7 адам Жалғызхан ауылының көшесін қайта атау мәселесіне қатысты тиісті шешім қабылдайды.
М.Қ. Сауытбаев: «Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы. Мемлекеттік органдардың шешімдері негізінде жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістерін тіркегені үшін алым мөлшерлемесі, оның ішінде елді мекендердің атауы, көшелердің атауы , сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірі (мекенжайы) өзгерген кезде немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын реформалауға байланысты кадастрлық нөмірлер өзгерген кезде 0 АЕК құрайды.
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңына сәйкес елді мекендердің атауы өзгерген кезде жеке тұлғалар үшін тіркеу тегін жүргізіледі, міндетті тіркеудің белгіленген мерзімдері жоқ. Заңды тұлғалар үшін-әділет органдарында тіркелген сәттен бастап құрылтайшы Жарғыға өзгерістер енгізу –заңды мекенжайын өзгерту туралы шешім қабылдайды. Бір ай ішінде ХҚКО арқылы жүгінеді, бұл ретте мемлекеттік баж да төленбейді. Шешім қабылданған сәттен бастап бір ай ішінде міндетті тіркеуден өту қажет. Олай болмаған жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектісіне – 5 АЕК, орта және ірі кәсіпкерлік субъектісіне-10 АЕК айыппұл салынады.
Осылайша, құқық белгілейтін құжаттарды қайта тіркеудің қажеті жоқ. Егер сіз үй сатуға, сыйға тартуға немесе басқа әрекеттер жасауға шешім қабылдасаңыз, тек осы жағдайда ғана Сізге қатаң тәртіпте ХҚКО келіп, қайта тіркеуге құжаттарды тапсыру қажет. Жеке куәліктерді, туу туралы куәліктерді және басқа құжаттарды ауыстырудың қажеті жоқ. Мемлекеттік органдарда база автоматты түрде жаңартылады. Мысалы, мекенжай анықтамасын алған кезде сізде жаңа мекенжай көрсетіледі.
Атау өзгерген кезде жақсы өзгерістер болуы мүмкін. Бұл мәселелерді қарастыратын ономастикалық комиссия бар.
С.В. Ященко: "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ атаулардың транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына сәйкес қайта атау бойынша халықтың пікірін есепке алу ашық дауыс беру арқылы жүзеге асырылатын болады. Дауыс беруге көшейік. Жалғызхан ауылындағы Комсомольская көшесін Абай көшесіне қайта атау үшін дауыс берулеріңізді сұраймын. Дауыс беруге тек жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысады.
7 адамнан тұратын жергілікті қоғамдастықтың барлық мүшелері бірауыздан дауыс берді.
Дауыс беру қорытындыларын жариялауға рұқсат етіңіз:
Мәселе бойынша дауыс бергендердің жалпы саны:
"қарсы емес" - 7 адам
"қарсы" - 0 адам,
"қалыс қалды" - 0 адам.
ШЕШІМ
3.Жергілікті қоғамдастық жиналысы бірауыздан: Комсомольская көшесін - Абай көшесі деп өзгерту туралы шешім қабылдады.
Төраға С.В. Ященко
Хатшы С.К. Тасболатова