«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 38-бабы 2-тармағына сәйкес Жалғысқан ауылы әкімін сайлауы бойынша дауыс беру уақыты мен орны туралы хабарлаймыз:
- Жалғысқан ауылы
№483 сайлау учаскесі – Жалғысқан ауылы, Павлов көшесі 22, Жалғысқан орта мектебінің ғимараты, т.91-5-20
Дауыс беру 2023 жылғы 11 маусым сағат 7.00-ден бастап 20.00-ге дейін болады.
Естеріңізге сала кетейік, сайлауға барғанда өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы қажет. Жеке басты куәландыратын құжаттар: жеке куәлік, уақытша жеке куәлік, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін әскери билет болып табылады.