«Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережелерді бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған «Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережелер бекітілсін.
  2. «Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» және «Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) жоғарыда көрсетілген ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

         3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулыны Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын.

  1.   Қарасу ауданы әкімдігінің «Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы»  2022 жылғы 28 сәуірдегі № 84 қаулының күші жойылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
23 мая 2023