Мәслихаттың 2021 жылғы 14 қазандағы № 60 " Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы " шешіміне өзгерістер енгізу туралы» жобасына баспасөз релизі;
Нормативтік құқықтық негіз: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес;
Жоба қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында әзірленді.
Жобаны қабылдау теріс, әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Жобаның мәтіні "Электрондық үкімет" порталында "ашық бюджеттер" бөлімінде орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14391678