Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімге қосымшаның 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген "«Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) қағидаларына (бұдан әрі - шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.»;
көрсетілген шешімге қосымшаның 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.»