«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету»
мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
«Қарасу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінің есебі
Жалпы ережелер
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы) сәйкес "Қарасу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-Бөлім) мемлекеттік қызметтердің 1 түрі көрсетіледі
Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А.Исаков көшесі, 73 үй, (1 қабат), индексі 111000. Байланыс телефоны 8 (71452) 21-5-88, 21-8-64
Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
«Қарасу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету» түріндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация, «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорациядан қызмет алушының құжаттары келіп түскеннен бастап, қызмет көрсету уақыты – 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі – электронды/қағаз жеткізгіште.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын көрсетуге, жазбаша түрдегі есепке немесе кезекке қою туралы нақты хаты, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы Келісімге отыру үшін қызмет алушының қызмет берушіге өтініш білдіру туралы (мекен-жайы мен байланыстары көрсетілген) хабарландыру жіберу.
2022 жылы республикалық бюджет қаражатынан «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы шеңберінде 43млн. 081,0 тыс. теңге бөлініп, бір маманға 1500 АЕК-тен артық емес немесе жылдық 0,01% мөлшерінде сыйақы ставкасы бойынша он бес жылға дейінгі мерзімге 4 млн. 594,5 тыс. теңге есебінен 43 млн 081 тыс. теңге игерілді және 20 маманға 100 АЕК немесе 306 300 теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төлеуге 6 млн 126,0 тыс теңге игерілді.
Тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер біздің ауданға жұмыс істеу және тұру үшін келген білім беру саласындағы 8 маманға, АПК -2 маманға жалпы сомасы 43 млн 081 тыс. теңгеге берілді.
20 маманға көтерме жәрдемақы төленді, оның ішінде 17 - білім беру саласы, 1- мәдениет, 1 – мемлекеттік қызметшімаманға,1-АПК
Қызмет алушылармен жұмыс.
Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар ету үшін аудандық әкімдік ғимаратында 1 қабатта «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» стенді жабдықталған, онда мемлекеттік қызмет көрсетуді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер (стандарттар, регламенттер және өзге де анықтамалық ақпарат) орналастырылған. Стендте орналасқан барлық ақпарат үнемі өзектіленеді.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат жүйелі түрде жергілікті БАҚ-та жарияланады, сондай-ақ жыл сайын Қарасу ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
МО АЖО «ХҚКО» ИАЖ ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері туралы деректер енгізіледі
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділігі үшін бөлім қызмет алушыларды мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мекемелері басшыларының қатысуымен Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы сапалы ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (семинарлар, кездесулер, түсіндіру әңгімелері) санын арттыруды жоспарлады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуде тезірек әрекет ету мүмкіндігі үшін қызмет алушылармен кері байланысты қамтамасыз ету қажет. Көрсетілетін қызметті алушылармен көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау мониторингін жүргізуді және жыл сайынғы мониторинг нәтижелерін талдауды жүзеге асыру қажет.