Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінің есебі

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

«Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінің есебі

 

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес (Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы) «Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-әкім аппараты) мемлекеттік қызметтердің 15 түрі көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсететін әкім аппаратының орналасқан жері (мекенжайы, телефоны): Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А.Исаков көшесі, 68 үй, байланыс телефондары: 8-714-52-21-3-64.

2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 79 құрады, оның ішінде көрсетілетін қызметті беруші арқылы (кенттің, ауылдың ауылдық округінің әкімі) - 1, Е-license- 78.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттік қызметтер саны-15 қызмет;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 15 қызмет;

тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны-15 мемлекеттік қызмет;

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 15 мемлекеттік қызмет;

мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны-15.

3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу)-73;

- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-4;

- Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру-1.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

Аудан әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қарасу ауданы әкімдігінің ресми сайттарының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналасқан. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістерге қарай Сайттағы осы бөлім жаңартылады. Сондай-ақ, ақпарат әкім аппаратының фойесінде көпшілікке қолжетімді жерде орналасқан.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат: жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар):

Аппаратта құқық бұзушылықтарға әкеп соқтыратын фактілерді немесе іс-әрекеттерді анықтау үшін жағдай жасау мақсатында "сенім телефоны" 21-2-34 ұйымдастырылып, жұмыс істейді, ол бойынша азаматтардың осындай фактілер туралы хабарлауға мүмкіндігі бар. Ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауларын өткізу арқылы халықпен кері байланыс жүйесі жолға қойылған.           

Сондай-ақ Аппараттың ресми сайтында тұрақты негізде www.karasu.kostanay.gov Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша материалдар жарияланады.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері - жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:

Тұрақты негізде қызметкерлермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, құқықтық білім мектебінің сабақтарында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодекс» Заңдарының негізгі ережелері үнемі жария етіледі.

Мемлекеттік қызметшілерді біліктілікті арттыру курстарында оқыту тұрақты түрде қамтамасыз етіледі.

3) мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін Нормативтік-құқықтық жетілдіру: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша): мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері: мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетіледі. Көрсетілген уақыт кезеңінде әкім аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мерзімдерін бұзуы анықталған жоқ.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері:

2022 жылғы 5 шілдеде бақылау іс – шарасын өткізген жауапты орындаушы - Минкина А. Е. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік қызметтер көрсету және ақпараттық технологиялар сапасын ішкі бақылау, мониторинг бөлімінің басшысы, сарапшы ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы-Сармулдинов Е. К. қатысты.  аппаратқа қатысты мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау тұрғысынан бақылау іс-шарасы өткізілді (16-тармақ), онда аппарат қызметкерінің 2022 жылғы 09 маусымда бұзушылығы анықталды,электрондық өтініш "Қамысты ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі"ММ-ге қате жіберілді. Осылайша, мемлекеттік қызмет екінші кезеңде белгіленген 3 жұмыс күнінің орнына 4 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.  мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту үшін, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша дұрыс есепті ақпарат беру туралы жазбаша ұсынымдар берілді.

 

4) қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері

мемлекеттік қызметтер: жүргізілген жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына қызмет алушылардың қанағаттануын арттыру: осы бағыт бойынша жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.

 

 

 

 

Дата публикации
20 апреля 2023