Мемлекеттік мекеме қызметінің есебі
"Ильичев ауылдық округі әкімінің аппараты"
2022 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
Жалпы ережелер
1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына) сәйкес "Ильичевка ауылдық округі әкімінің аппараты"мемлекеттік мекемесі(бұдан әрі –әкім аппараты) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 15 түрін көрсетеді.
Орналасқан жері Мемлекеттік қызмет көрсететін әкім аппараты (мекенжайы, телефоны): Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Ильичевка ауылдық округі, Комсомольское ауылы, Комсомольская көшесі, 17 үй, Байланыс телефондары: 8-714-52-26-8-24
2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 7 құрады, оның ішінде көрсетілетін қызметті беруші арқылы -7, E-license арқылы -7.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
мемлекеттік қызметтер саны-15 қызмет;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-15 қызмет;
тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-15 мемлекеттік қызметтер;
қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 15 мемлекеттік қызмет;
мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны-15.
3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
Әкім аппаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат Қарасу ауданы әкімдігінің ресми сайттарында орналастырылған www.karasu.kostanay.gov "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістерге қарай бұл бөлім сайтта жаңартылады. Сондай-ақ, ақпарат әкім аппаратының фойесінде жалпыға қолжетімді жерде орналастырылған.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат: жоқ.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар):
Әкім аппаратында құқық бұзушылықтарға әкеп соқтыратын фактілерді немесе іс-әрекеттерді анықтау үшін жағдай жасау мақсатында "сенім телефоны" 87145226824 ұйымдастырылып, жұмыс істейді, ол бойынша азаматтардың осындай фактілер туралы хабарлауға мүмкіндігі бар. Келушілер үшін қол жетімді жерлерде "ескертулер, ұсыныстар мен жауаптар үшін"арнайы жәшік орнатылған. Әкім аппараты басшысының жеке қабылдауларын өткізу арқылы халықпен кері байланыс жүйесі жолға қойылған.
Сондай ақ аппарат әкімдігінің ресми сайтында тұрақты негізде www.karasu.kostanay.gov Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша материалдар жарияланады.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері-жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:
Қызметкерлермен тұрақты негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, құқықтық білім мектебінің сабақтарында "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс" Қазақстан Республикасы Заңдарының негізгі ережелері үнемі жарияланады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын түсіндіру мақсатында 2022 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша халықпен 48 кездесу өткізілді.
Мемлекеттік қызметшілерді біліктілікті арттыру курстарында оқыту үнемі қамтамасыз етіледі.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша): көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері: мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетіледі. Көрсетілген уақыт кезеңінде әкім аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мерзімдерін бұзғаны анықталмаған.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері:
4) көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері
мемлекеттік қызметтер: өткізілген жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына одан әрі тиімділік пен қанағаттанушылықты арттыру перспективалары: осы бағыт бойынша жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.