«Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ
2022 жылдың 12 айы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп.
|
1. Жалпы ережелер.
|
|||||||||||||||
|
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер
|
Көрсетілетін қызметті беруші: «Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ, бұдан әрі «Бөлім» - Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А.Исаков көш., 66, №7 каб. Тел: 8 (714 52) 79031, 21771, e-mail: karasuzem@mail.ru «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке негізде жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру нысандарының бірі. Барлық қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңына, Жер қатынастары саласындағы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі. ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 31.01.2020 жылғы №39 НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ 12 қызмет түрін ұсынады. 2022 жылғы мамырда жоғарыда аталған бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (18.05.2022 № 170/НҚ бұйрығы) – «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі қосылды. 2022 жылғы желтоқсанда (2022 жылғы 29 қарашадағы № 467/НҚ бұйрығымен) «Жер учаскелері туралы мәліметтерді нақтылау (түзету)» мемлекеттік көрсетілетін қызметі қосылды. Қазіргі уақытта жаңадан енгізілген мемлекеттік қызметтерді көрсетудің Ережелері мен Стандарттары жоқ. |
||||||||||||||
|
2) Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат |
Жоғарыда көрсетілген қағидалар негізінде бөлім 10 мемлекеттік қызмет көрсетеді: 1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру». 2. «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру». 3. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту». 4. «Жер учаскесінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау». 5. «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру». 6. «Елді мекен шегінде құрылыс салу үшін жер учаскесін беру». 7. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі тұратын жер учаскелеріне құқықтарды алу». 8. «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру». 9. «Жер учаскесін жеке меншікке бір жолғы не бөліп-бөліп сату». 10. «Жер учаскесін алуға кезекке қою». 11. «Жер учаскесін жалға беру мерзімін ұзарту». 12. «Жер учаскелері туралы ақпаратты жаңарту (түзету)» Есепті жылдың ішінде «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінің көмегімен электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілді, және «Конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік жер учаскелеріне құқықты сатып алу» қызметі жергілікті атқарушы органдарда да, себебі кейбір ауылдық округтер әкімдіктері өтініштерді электрондық нысанда техникалық тұрғыда жібере алмайды, уәкiлеттi құзырлы органмен өтiнiмдер қағаз жеткiзгiшiнде қабылданды. «Елді мекеннің шегінде құрылыс салу үшін жер телімін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ЭҮП техникалық ақаулығына байланысты бұл қызмет тек қағаз түрінде көрсетілді. Бөлімде көрсетілетін барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тегін көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету бойынша жаңа қағидаларды бекітумен мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету регламенттерінің қолдануы тоқтатылды. |
||||||||||||||
|
2022 жыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны |
698 |
||||||||||||||
|
Е-лицензия арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
648 |
||||||||||||||
|
Қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны |
50 - қағаз |
||||||||||||||
|
Бас тарту саны |
2 |
||||||||||||||
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген қағидалардың саны |
– |
||||||||||||||
|
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: |
2022 жылдың 12 айында «Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ 698 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілді, оның ішінде: Е-лицензия арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 648. Еgov порталы арқылы, бөлімде - 50. Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызмет: «Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту» – 391 1 кесте
|
||||||||||||||
|
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
|
|||||||||||||||
|
1) Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер: |
Халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қарасу ауданы әкімінің ресми сайтында және Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің ғимаратындағы ақпараттық стендте мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттері туралы өзекті ақпарат, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетудің жаңа қағидалары, көрсетілетін қызметті берушілердің байланыс деректері және көрсетілетін қызметті алушылар үшін өзге де ақпарат (мемлекеттік және орыс тілдерінде) уақтылы орналастырылады. «Қарасу өңірі» газетінде «Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету және заңнамадағы өзгерістер туралы» мақалалар мерзімді жарияланып тұрады. Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сілтемелер, Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары, регламенттері, көрсету қағидалары, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат алуға болатын мемлекеттік органның байланыс телефондары орналастырылған. Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша нормативтік құқықтық актілермен, ақпараттық-анықтамалық материалдармен стенд ресімделді, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге жауапты лауазымды тұлғалар айқындалды. |
||||||||||||||
|
2) Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат
|
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 11-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне кірмейді. |
||||||||||||||
|
3) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және т. б.) |
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін көрсетілетін қызметті алушылар өтініш білдірген кезде және қызметтік телефон арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ жер қатынастары бөлімінің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы брошюралар әзірленді, олар қоғамдық орындарда орналастырылған. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын түсіндіру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша тұрақты негізде құқықтық жалпы оқыту, бөлім басшысының жанында кеңестер жүргізіледі. Сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсету, статистикалық есептілікті бұрмалауға жол бермеу, ақпараттық жүйелердің техникалық ақауларын жою және болдырмау мақсатында (МО ХҚКО ЫАЖ, «Е-лицензиялау») бөлім мамандары ҰАТ АҚ мамандарымен тығыз жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда ақпараттық жүйеде проблемалар туындаған кезде уәкілетті органдарға хабарлама-хаттар жіберіледі. |
||||||||||||||
|
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет |
|||||||||||||||
|
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері |
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсетудің саны мен сапасына оң әсер етеді. 2022 жылдың екінші жартыжылдығында көптеген ауылдық округтерде E-Лиценз АЖ лицензиарын таңдаудағы қате жойылды. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік жер учаскелеріне құқықты сатып алу» қызметі бойынша жұмыс белсендірілді, электронды форматта ұсыну саны артты. Бүгінгі уақытта автоматтандыруға дейін бірінші сатысы өткен қызметтер ғана қағаз түрінде көрсетіледі. |
||||||||||||||
|
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар |
«Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ бас мамандары үшін тұрақты негізде кеңестер, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша құқықтық білім мектебі өткізіледі. 2022 жылы бөлім мамандары мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін арттыру курстарынан өтпеген. Оқыту 2023 жылға жоспарланған. |
||||||||||||||
|
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау |
|||||||||||||||
|
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат |
2022 жылдың 12 айында қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ. |
||||||||||||||
|
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері |
Ішкі бақылау және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы үшін мониторинг бөліміне ай сайын есеп қалыптастырылады, онда өткен кезеңде көрсетілген қызметтердің саны, көрсету тәсілдері, нәтиже беру нысаны, бөліммен қызметтер көрсету сапасын жақсартуға бағытталған бақылау іс-шаралары туралы ақпарат қамтылады. |
||||||||||||||
|
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері |
«Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі жүргізілген жоқ. |
||||||||||||||
|
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру |
|||||||||||||||
|
Қызмет көрсету тәртібінің қолжетімділігі мақсатында «Бөлімде» ақпараттық стендте мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат (қағидалар, қажетті құжаттар тізбесі) орналастырылған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыларға ыңғайлы болу үшін жеке үстел, орындық, толтырылған өтініш үлгілері, күтуге арналған орындық бар. Ғимаратқа кіре берісте мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандус қарастырылған. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі аудандық «Қарасу өңірі» газетінде және Қарасу ауданы әкімінің сайтында мерзімді жарияланып тұрады. Ескертулер мен ұсыныстар үшін жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштеріне арналған жәшік, сондай-ақ сенім телефоны туралы ақпарат бар. Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында 2023 жылы «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көпшілікке танымал етуді қамтамасыз ету шараларын қабылдау жөніндегі жұмысты жалғастыруды жоспарлайды. |
|||||||||||||||