Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Жалғысқан ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметінің есебі

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

«Жалғысқан ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметінің есебі

 

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес (Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы) «Жалғысқан ауылының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) мемлекеттік қызметтердің 15 түрін көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсететін Аппараттың орналасқан жері (мекенжайы, телефоны): Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Жалғысқан ауылы, Павлов көшесі, 22 үй, байланыс телефондары: 91-4-33.

2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 3 құрады, оның ішінде көрсетілетін қызметті беруші арқылы (кенттің, ауылдың ауылдық округінің әкімі) - 3, Е-license - 0.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттік қызметтер саны – 15 қызмет;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 15 қызмет;

тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 15 мемлекеттік қызмет;

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 15 мемлекеттік қызмет;

мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны - 15.

3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу) - 3

  1. Қызмет алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

Аппаратта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат Қарасу ауданы әкімдігінің www.karasu.kostanay.gov ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістерге қарай бұл бөлім сайтта жаңартылады. Сондай-ақ, ақпарат Аппарат ғимаратында орналастырылған.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат: жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар):

Аппаратта құқық бұзушылықтарға әкеп соқтыратын фактілерді немесе іс-әрекеттерді анықтау үшін жағдай жасау мақсатында 91-4-33 «сенім телефоны» ұйымдастырылып, жұмыс істейді, ол бойынша азаматтардың осындай фактілер туралы хабарлауға мүмкіндігі бар. Ауыл әкімінің жеке қабылдауларын өткізу арқылы халықпен кері байланыс жүйесі жолға қойылған.

Сондай-ақ тұрақты негізде Қарасу ауданы әкімдігінің www.karasu.kostanay.gov ресми сайтында Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша материалдар жарияланады.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері - жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:

Қызметкерлермен тұрақты негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Құқықтық білім мектебінің сабақтарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің негізгі ережелері үнемі жарияланады.

Мемлекеттік қызметшілерді біліктілікті арттыру курстарында оқыту үнемі қамтамасыз етіледі.

3) мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін Нормативтік-құқықтық жетілдіру: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша): мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері: мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетіледі. Көрсетілген уақыт кезеңінде Аппараттың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мерзімдерін бұзуы анықталған жоқ.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері: жүргізілген жоқ.

4) қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері

мемлекеттік қызметтер: жүргізілген жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына қызмет алушылардың қанағаттануын арттыру: осы бағыт бойынша жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.

 

 

 

 

 

Отчет деятельности государственного учреждения «Аппарат акима села Жалгыскан» по вопросам оказания государственных услуг
Дата публикации
20 апреля 2023