2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлау учаскелерінің мекенжайлары бойынша азаматтарды тіркеу алгоритмі

Қазақстан Республикасы Орталық

сайлау комиссиясы Төрағасының

2022 жылғы 14 қарашадағы № 106/602

бірлескен қаулысына,

Қазақстан Республикасы Цифрлық

даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің

2022 жылғы 14 қарашадағы № 432/НҚ бұйрығына және Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2022 жылғы 15 қарашадағы №899 бұйрығына қосымша

 

 

2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында

сайлау учаскелерінің мекенжайлары бойынша азаматтарды тіркеу алгоритмі

 

 

  1. Сайлау учаскесінің шегіндегі сайлаушылар тізімдерінен өзін таппаған азамат өзінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімін бере отырып, сайлаушылар тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішпен учаскелік сайлау комиссиясына жүгінеді.
  2. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі азаматтың жазбаша өтініші негізінде «электрондық үкімет» порталының онлайн-сервисі (бұдан әрі – онлайн-сервис) арқылы оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді «2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында азаматтардың тіркелген жері жөніндегі мәліметтерді «электрондық үкімет» порталында тексерудің онлайн-сервисін іске асыру» алгоритміне сәйкес тексереді.
    • Онлайн-сервис парағында өтініш берушінің тиісті сайлау учаскесінің шегіндегі аумақта тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелгені туралы мәліметтер расталған кезде учаскелік сайлау комиссиясы оны сайлаушылар тізіміне енгізу туралы шешім қабылдайды.
    • Өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелгені туралы мәліметтер расталмаған жағдайда, учаскелік сайлау комиссиясы E-gov порталында азаматтың тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде тіркелгені (тіркелмегені) туралы мәліметтерді нақтылайды.
    • Қазақстан Республикасының шегінде азаматтың басқа сайлау учаскесінде тіркелгені туралы мәліметтер болған жағдайда, учаскелік сайлау комиссиясы азаматқа бұл туралы түсініктеме береді.
  3. Азаматтың Қазақстан Республикасының шегіндегі басқа сайлау учаскесінде тіркелгені туралы және азаматтың Қазақстан Республикасының шегінде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер болмаған жағдайда, учаскелік сайлау комиссиясы азаматты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1427 қаулысымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларының 17-тармағына сәйкес қосымша тексеру және тіркеу үшін "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ХҚКО) қызметкеріне жібереді. ХҚКО қызметкері бүкіл Қазақстан Республикасының аумағы бойынша азаматтың тіркелгені (тіркелмегені) туралы мәліметтерге азаматтың өтініші негізінде тексеру жүргізеді.
  4. ХҚКО қызметкері бүкіл Қазақстан Республикасының аумағы бойынша азаматтың тіркелгені (тіркелмегені) туралы мәліметтерге азаматтың өтініші негізінде тексеру жүргізеді.
  5. Азамат басқа өңірдің құрамына кіретін әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тіркелген жағдайда, ХҚКО қызметкері азаматқа ол туралы түсініктеме береді және тіркеуден бас тартады.
  6. Азамат республика шегінде тұрақты тіркелмеген және ҚР бүкіл аумағы бойынша сайлаушылардың тізімдеріне енгізілмеген жағдайда, онда ХҚКО қызметкері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1427 қаулысымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларының 17-тармағына сәйкес белгілі бір сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша сайлаушыны осы алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес ғимараттың немесе үй-жайдың меншік иесінің өтініші негізінде тұрақты тіркеуді жүзеге асырады.
  7. Тіркелгеннен кейін азамат онлайн-сервис арқылы тіркеудің бар-жоғын қайта тексеру үшін учаскелік сайлау комиссиясының мүшелеріне жіберіледі.
  8. Сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша азаматты тіркеудің бар екендігі сәтті расталған кезде учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы оны сайлаушылар тізіміне енгізу туралы шешім қабылдайды.
  9. Сайлау аяқталғаннан кейін келесі күні ХҚКО қызметкері ғимараттың немесе үй-жайдың меншік иесінің өтінішхаты негізінде сайлау учаскелерінің мекенжайлары бойынша бұрын тіркелген азаматтарды осы алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес тіркеуден шығарады.
  10. Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптары бұзылған жағдайда дербес деректерге заңсыз қол жеткізуге байланысты ақпараттық қауіпсіздік инциденттері туралы дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар ету қажет.

 

 

                                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Орталық

сайлау комиссиясы Төрағасының

2022 жылғы 14 қарашадағы № 106/602

бірлескен қаулысымен,

Қазақстан Республикасы Цифрлық

даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің

2022 жылғы 14 қарашадағы № 432/НҚ бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің

2022 жылғы 15 қарашадағы №899 бұйрығымен бекітілген

2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлау учаскелерінің мекенжайлары бойынша азаматтарды тіркеу алгоритміне 1-қосымша

 

шығ.№

«__»____2022 ж.

 Кімге____________________

_________________________

   _________________________

                                                                                                 (аумақтық полиция органының

                                                       атауы)

 

 

Өтінішхат

 

Осы арқылы ________________________________, БСН ___________________,

                                                                    (ұйымның атауы)

 

_________________________ (МТК _____________), мекенжайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүліктің меншік иесі бола отырып, азаматтың сайлау құқығын іске асыру мақсатында төмендегі ҚР азаматы(шасы)ның жоғарыда көрсетілген мекен-жайы бойынша тұрақты тіркелуіне қарсы емес:

 

  1. Т.А.Ә._______________________________ , ЖСН № ___________________,

                                                                                                            

               

уақытша тұрғылықты мекенжайы:______________________________________;

                                                                                                            

               

 

Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес азаматтың сайлау құқығын іске асыру мақсатында дербес деректерді жинауға және өңдеуге, сондай-ақ үшінші тұлғаларға беруге өз келісімімді беремін.

_____________________                            Б.О.                                       _______________________

                (лауазымы)                                                                                                                                    (ТАӘ)

 

 

Қазақстан Республикасы Орталық

сайлау комиссиясы Төрағасының

2022 жылғы 14 қарашадағы № 106/602

бірлескен қаулысымен,

Қазақстан Республикасы Цифрлық

даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің

2022 жылғы 14 қарашадағы № 432/НҚ бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің

2022 жылғы 15 қарашадағы №899 бұйрығымен бекітілген

2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлау учаскелерінің мекенжайлары бойынша азаматтарды тіркеу алгоритміне 2-қосымша

шығ.№

«__»____2022 ж.

 Кімге____________________

_________________________

   _________________________

                                                                                     (аумақтық  полиция органының

                                                        атауы)

 

Өтінішхат

 

Осы арқылы ________________________________, БСН _______________,

                                                                    (ұйымның атауы)

___________________________ (МТК ____________), мекенжайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүліктің меншік иесі бола отырып, төмендегі тұлғаларды жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша тұрақты тіркеуден шығаруды сұрайды:

  1. Т.А.Ә._______________________________ , ЖСН № ___________________,

                                                                                                            

               

  1. Т.А.Ә._______________________________ , ЖСН № ___________________,

                                                                                                            

               

  1. Т.А.Ә._______________________________ , ЖСН № ___________________,

                                                                                                            

               

Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес азаматтың сайлау құқығын іске асыру мақсатында дербес деректерді жинауға және өңдеуге, сондай-ақ үшінші тұлғаларға беруге өз келісімімді беремін.

 

_____________________                            Б.О.                                       _______________________

                (лауазымы)                                                                                                                                    (ТАӘ)

2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлау учаскелерінің мекенжайлары бойынша азаматтарды тіркеу алгоритмі
Дата публикации
01 декабря 2022