«Пробация үйі» әлеуметтік жобасы

         09.11.2022 ж. Октябрь ауылдық округінде Қарасу ауданының прокуратурасы бастамасымен мемлекеттік органдармен бірлесіп пробациялық есепте тұрған сотталғандармен кезекті кездесу өткізілді.

         «Пробация үйі» жобасы аясында сотталғандарға қайта әлеуметтендіру және әлеуметтік бейімделу кезеңінде туындаған мәселелер бойынша білікті консультативтік көмек көрсетілді.

         Сотталғандардың жеке қабылдауында жұмысқа орнластыру, медициналық қызмет көрсету, сондай-ақ атқарушылық іс-жүргізу туралы заңнама саласында түсініктемелер берілді.

Өткізілген іс-шараның нәтижесі бойынша пробациялық есепте тұрған

үш сотталған сынақ мерзімімен жұмысқа орналастырылды.

        

Қарасу ауданының прокуратурасы

 

 

 

 

 

«Пробация үйі» әлеуметтік жобасы
Дата публикации
22 ноября 2022