«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 38-бабы 2-тармағына сәйкес Қойбағар және Қарамырза ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы бойынша дауыс беру уақыты мен орны туралы хабарлаймыз:
- Амангелді ауылы
№499 сайлау учаскесі – Целинная көшесі, 32, Амангелді ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, тел.27-7-62.
- Қойбағар ауылы
№500 сайлау учаскесі - Қойбағар ауылы, Элеваторная көшесі, 12, Станция орта мектебінің ғимараты, тел.99-3-24.
- Қарамырза ауылы
№ 502 сайлау учаскесі - Қарамырза ауылы, Центральная көшесі, 11, Қарамырза орта мектебінің ғимараты, тел.97-5-25.
- Кошевой ауылы
№ 503 сайлау учаскесі - Кошевой ауылы, Набережная көшесі, 29, Кошевой бастауыш мектебінің ғимараты, тел.4-28-4-98.
Дауыс беру 2022 жылғы 9 қазанда сағат 7.00-ден бастап 20.00-ге дейін болады.
Естеріңізге сала кетейік, сайлауға барғанда өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы қажет. Жеке басты куәландыратын құжаттар: жеке куәлік, уақытша жеке куәлік, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін әскери билет болып табылады.