Қарасу аудандық мәслихатының жетінші шақырылымның кезектен тыс сессиясы 2022 жылғы 14 қыркүйектегі сағат 11.00-де ZOOM арқылы өтеді. Негізгі мәселелер: 1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы. 2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы.