Комиссия туралы үлгі ереже кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі

Комиссия туралы үлгі ереже кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі

     

  1. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-бөлім жаңа редакцияда-ҚР Үкіметінің 2005.12.01 N 1179 қаулысымен.

  1. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссия (бұдан әрі-Комиссия) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.
  2. Ведомствоаралық комиссия - Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан, ал облыстық, қалалық, қаладағы аудандық, аудандық комиссия тиісті жергілікті атқарушы орган (әкімдік) жанынан құрылады.
  3. Қажет болған жағдайда Комиссия аудан орталығынан едәуір қашықтықта орналасқан кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің жанынан құрылуы мүмкін. Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі жанындағы комиссияның аудандық комиссияның құқықтары мен міндеттері болады. Кенттік, ауылдық (селолық) комиссияны және ауылдық (селолық) округ комиссиясын құру туралы шешімді облыс әкімдігі қабылдайды, ал дербес құрамын тиісті ауданның мәслихаты бекітеді.
  4. Комиссия құрамында төраға, төрағаның орынбасары, комиссия мүшелері және жауапты хатшы болады. Төраға мен жауапты хатшы мемлекеттік органдардың аппараттарында штаттық лауазымдарды атқарады. Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі кенттік, ауылдық (селолық) комиссия немесе ауылдық (селолық) округ комиссиясы төрағасының функцияларын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі атқарады.
  5. Комиссияның құрамына тиісті мәслихаттардың депутаттары, Ішкі істер, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, әділет органдарының, жұмыспен қамту, қамқоршылық және қорғаншылық мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алуға мүдделі қоғамдық және өзге де ұйымдардың өкілдері кіреді.
  6. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясының, "Бала құқықтары туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының, осы Ереженің және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негізінде жүзеге асырады.
  7. Комиссия өз қызметінде жергілікті атқарушы орган алдында жауапты, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі Жоғары тұрған комиссияның бақылауында болады және есеп береді. Комиссияларды құру тәртібі және олардың қызметін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
  8. Комиссияның негізгі функциялары
  9. Комиссия өз құзыреті шегінде:

      1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуына, құқық бұзушылықтарына және қоғамға жат іс-әрекеттеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      2) мемлекеттік органдардың кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат іс-әрекеттердің профилактикасы жөніндегі қызметін жетілдіруге, оларды әлеуметтік оңалтуға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлейді;

      3) баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жағдайларын бақылауды қамтамасыз етуге қатысады;

      4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жай-күйін зерделейді және осы салада әлеуметтік зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;

      5) баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар желісін дамытуға жәрдем көрсетеді және олардың қызметінің мониторингін қамтамасыз етеді;

      6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасымен айналысатын органдар мен ұйымдардың оң жұмыс тәжірибесін жинақтайды және таратады, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

      7) мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, олардың құқықтарын қорғау жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есептерін тыңдайды және жетекшілік ететін мәселелер бойынша олардың арасында өзара ақпарат алмасуды ұйымдастырады;

      8) кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу мәселелері бойынша сотқа материалдар дайындауға қатысады;

      9) мүдделі органдарға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған не арнайы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыруға, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайда жүрген кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту жөніндегі өзге де функцияларды жүзеге асыруға жәрдем көрсетеді;

      10) Алып тасталды-ҚР Үкіметінің 2010.01.15 № 12 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)қаулысымен.;

      11)" кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы " бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастырады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда-ҚР Үкіметінің 2005.12.01 N 1179, өзгерту енгізілді-ҚР Үкіметінің 2010.01.15 № 12 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.қараңыз) қаулыларымен.

  1. Республикалық маңызы бар қала (астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің жанындағы комиссияның негізгі функциялары мыналар болып табылады:

      1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда және қорғауда оларға жәрдемдесу болып табылады;

      2) кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қадағалаусыз, панасыз қалуының және қоғамға жат іс-әрекеттерінің профилактикасы жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзудың анықталған фактілері туралы мүдделі ведомстволарды үнемі хабардар етіп отыру;

      3) олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайдағы кәмелетке толмағандарды анықтау және әлеуметтік оңалту, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту, олардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қалыпты дене бітімі мен имандылық дамуына теріс әсер ететін ата-аналарын немесе өзге де заңды өкілдерін белгілеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру немесе оларға қатал қарау;

      4) кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің және басқа да адамдардың кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен немесе шектеумен байланысты шағымдары мен өтініштерін қарау;

      5) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар;

      6) қорғаншылық және қамқоршылық органдарына мемлекеттің көмегіне мұқтаж және өмірлік қиын жағдайда жүрген кәмелетке толмағандарды қолдау туралы ұсыныстар енгізу кіреді;

      7) кәмелетке толмағандарды тәни және психикалық зорлық-зомбылықтан, кемсітушіліктің барлық нысандарынан, жыныстық және өзге де қанаудан, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартудан қорғауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;

      8) қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толғанға дейін кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс белгілері бар қоғамға қауіпті іс-әрекеттер фактілері бойынша материалдарды қарау;

      9) Алып тасталды-ҚР Үкіметінің 2010.01.15 № 12(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)қаулысымен.;

      10) Алып тасталды-ҚР Үкіметінің 2010.01.15 № 12 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)қаулысымен.;

      11) балаларды тәрбиелеумен және оқытумен, кәмелетке толмағандардың қылмыстарының, құқық бұзушылықтарының және қадағалаусыз қалуының профилактикасымен айналысатын тиісті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, өзге де органдар мен ұйымдарға кәмелетке толмағандармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу қажеттігі туралы ақпарат жіберуді; :

      тәрбиелеу колонияларынан босатылған;

      арнаулы білім беру ұйымдарынан, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралғандар;

      әкімшілік жауапкершілікке тартылғандармен;

      білім беру ұйымдары тарапынан көмекке және бақылауға мұқтаж басқалармен;

      12) ата-аналарының келісімімен тиісті емдеу-профилактикалық және оңалту шараларын жүргізу үшін спирттік ішімдіктерді, есірткі құралдарын, психотроптық немесе есеңгірететін заттарды тұтынатын кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды Денсаулық сақтау мекемелеріне жіберуді қамтиды;

      13) білім беру ұйымдары әкімшілігінің мектеп жасындағы кәмелетке толмағандардың жалпы білім беретін оқу орындарына ұзақ уақыт бармауы туралы ұсынымдарын қарау;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Ережеде көзделген жағдайларда және тәртіппен кәмелетке толмағандарға және олардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ықпал ету шараларын қолдану;

      15) арнаулы білім беру ұйымының, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының әкімшілігімен бірлесіп, кәмелетке толмағанның аталған мекемелерде болуын мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ ол қылмыс немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекет жасаған жағдайда, оларда болу мерзімін ұзартуға немесе кәмелетке толмағанның қылмыс немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекет жасауына байланысты мәселелер бойынша сотқа ұсыну оны басқа арнайы білім беру ұйымдарына, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары кәмелетке толмағанның немесе оның заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша;

      16) жазаны орындайтын мекеме әкімшілігінің кәмелетке толмаған сотталған адамды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату не оған жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы ұсынымын қарау бойынша кәмелетке толмағандардың құқықтарының өкілі ретінде сот отырысына қатысу;

 

 

 

Дата публикации
08 июля 2022