Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 98 бұйрығы негізінде жер пайдалану құқығын иеліктен шығару кезінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын қайта ресімдеу қағидалары бекітілді. Осы Қағидалардың 2-тарауының 3-тармағына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жер пайдалану құқығын иеліктен шығарған Қазақстан Республикасының азаматы немесе заңды тұлғасы азаматтық-құқықтық мәміле жасалғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесі орналасқан жердегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уәкілетті органға уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын қайта ресімдеу туралы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама жібереді.