Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы" ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық-жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе өздері арқылы алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы немесе үшінші тұлғалар үшін мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алуға, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтар беру арқылы осы адамдарды параға сатып алуға құқығы бар.

Мемлекеттік қызмет жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды рөлі бар. Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің салдарынан материалдық және материалдық емес игіліктер заңсыз алынады, оның нәтижесінде қоғам мүдделеріне нұқсан келтіріледі және мемлекеттік биліктің беделі төмендейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:

1) заңдылық;

2) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы болып табылады;

3) жариялылық және ашықтық;

4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы;

5) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану қағидаттарына негізделеді;

6) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу болып табылады;

8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттарына негізделеді.

Сол арқылы мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстануға тиіс.

Заңнамада көрсетілген нормаларды сақтау мақсатында мемлекеттік қызметшілер өздерінің функционалдық міндеттері мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және өзге де заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтауға және салық агенттерімен, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен және басқа да мемлекеттік органдармен арандатушылық іс-әрекеттердің және жанжалды жағдайлардың туындағаны туралы басшылыққа дереу хабарлауға тиіс.

Айта кету керек, Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне және ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

 

"Новопавловка ауылы әкімінің аппараты" ММ

Дата публикации
17 мая 2022