Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуге тыйым салу
Ағымдағы жылдың 6 мамырынан бастап Қазақстан Республикасының аумағынан қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуге тыйым салынады.
Мұндай шектеу "қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 224 бұйрығымен белгіленген, ол 2022 жылғы 6 мамырдан бастап күшіне енеді (бұйрыққа сілтеме http://zan.gov.kz/client/#!/doc/166859 / rus ).
"Бұл ретте, бұйрық қолданысқа енгізілгенге дейін ҚР және ЕАЭО кедендік заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетілуге жататынын хабарлаймыз", - деп атап өтті МКК-да.