|
|
Қосымша 2 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің бұйрығына
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
"Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметінің есебі
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес (Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы) "Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-әкім аппараты) мемлекеттік қызметтердің 15 түрі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсететін әкім аппаратының орналасқан жері (мекенжайы, телефоны):Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А.Исаков көшесі, 68 үй, байланыс телефондары: 8-714-52-21-3-64.
2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 28 құрады, оның ішінде көрсетілетін қызметті беруші арқылы (кенттің, ауылдың ауылдық округінің әкімі) - 27, " Е-license " веб-порталы -1.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
мемлекеттік қызметтер саны-15қызмет;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 15 қызмет;
тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны-15мемлекеттік қызмет;
қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 15мемлекеттік қызмет;
мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны-15.
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу)-16;
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-5.
- Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру-7
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
Аудан әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қарасу ауданы әкімдігінің ресми сайттарының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналасқан. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістерге қарай Сайттағы осы бөлім жаңартылады. Сондай-ақ, ақпарат әкім аппаратының фойесінде көпшілікке қолжетімді жерде орналасқан.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат: жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар):
Құқық бұзушылыққа әкеп соғатын фактілерді немесе іс-әрекеттерді анықтау үшін жағдай жасау мақсатында әкім аппаратында 91-2-78"сенім телефоны" ұйымдастырылған және жұмыс істейді, ол бойынша азаматтар осындай фактілер туралы хабарлауға мүмкіндік алады. Келушілер үшін қолжетімді жерлерде "ескертулер, ұсыныстар мен пікірлер үшін"арнайы жәшік орнатылған. Әкім аппараты басшысының жеке қабылдауларын өткізу арқылы халықпен кері байланыс жүйесі жолға қойылған.( 4 жеке қабылдау)
Сондай-ақ, Қарасу ауданы әкімдігінің ресми сайтында тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша материалдар жарияланады.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері - жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:
Тұрақты негізде қызметкерлермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, құқықтық білім мектебінің сабақтарында Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарының негізгі ережелері үнемі жария етіледі.
Мемлекеттік қызметшілерді біліктілікті арттыру курстарында оқыту тұрақты түрде қамтамасыз етіледі.
3) мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін Нормативтік-құқықтық жетілдіру: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша): мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері: мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетіледі.
Көрсетілген уақыт кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы анықталды.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері:
2021 жылғы 25 тамыздағы "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" ММ ішкі бақылау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингілеу және ақпараттық технологиялар бөлімімен әкім аппаратына қатысты мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманың сақталуы тұрғысынан бақылау іс-шарасы өткізілді, онда мемлекеттік қызметтерге арналған бизнес-процестерді бұзуы анықталды, мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі бас маманға тәртіптік жаза берілді, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту үшін, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша шынайы есептік ақпарат беру туралы жазбаша ұсынымдар берілді.
4) қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері
мемлекеттік қызметтер: жүргізілген жоқ.