Қарасу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

 2022 жылғы 24 сәуірде Қарасу ауданы Жалғысқан ауылы әкімінің сайлауы өтті.

            Қарасу аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабы 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қарасу ауданы Жалғысқан ауылының әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияның хаттамасы негізінде Жалғысқан ауылы әкімінің сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 402 азамат енгізілді, оның ішінде 312 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 5, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған – 8.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

            Жайлебаев Е.М. – 154; Смаилов Т.Т. – 7; Тәжібаев Т.К. – 138.

            Жалғысқан ауылының  әкімі  болып Жайлебаев Ербол Маратұлы сайланды, 1985 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Қостанай қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.

 

                                    Қарасу аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 26 сәуір шешімімен 2022 жылғы 24 сәуір сайланған Қарасу ауданы Жалғысқан ауылы    әкіміні тіркеді.

           

Қарасу аудандық сайлау комиссиясы

Қарасу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
26 апреля 2022