ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ АНТИКОР СЕРВИСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЕСІКТЕРІ ҚАЙТА АШЫЛДЫ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ АНТИКОР СЕРВИСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЕСІКТЕРІ ҚАЙТА АШЫЛДЫ

 

         Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының фронт-офис қызметтерінің регламентін бекіту туралы 2022 жылғы 29 наурыздағы №103 бұйрығын жүзеге асыру мақсатында Қостанай облысындағы «Antikor оrtalyǵy» сервистік орталық өз жұмысын қайта бастады.

         Агенттікте жұмыстағы ашықтық пен қол жетімділік, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін қарау кезіндегі сапалы кері байланыс мәселелері қызметтегі негізгі басымдылықтардың бірі деп танылған.

Орталық азаматтарды сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша қабылдауға арналған алаң болып табылады. «Antikor оrtalyǵynyn» мақсаты азаматтарды кедергісіз қабылдау үшін ыңғайлы жағдайлар құру және олардың өтініштері бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау болып табылады.

         «Коронавируспен күрес бойынша шектеулі шаралар салдарынан Орталық қызметі уақытша тоқтатылған болатын. Соңғы жылы «Antikor оrtalyǵy» өз қызметін онлдайн-форматта жүзеге асырды»- деп жауап берді Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Серікжан Мырзалы – «Енді сервистік орталықта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері, заңгерлер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері жұмыс жасайтын болады. Мұнда кез келген тұрғын немесе кәсіпкер заң көмегін алу үшін де, мемлекеттік органдар тарапынан қысым көрген жағдайда да жүгіне алады».

          Ашық есік күні аясында орталық алаңында Департамент басшысының қатысуымен жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау, мекемелер ардагерлерінің қатысуымен жастарға арналған тренингтер, сондай-ақ өңірдің көрнекті қоғам қайраткерлерімен ашық және тиімді мемлекет қағидаттарын жүзеге асыру мәселелері бойынша конференция өткізілді

         Сонымен қатар, Департамент басшысының сөзі бойынша орталықта іс жүргізу офицері тұрақты түрде жұмыс жүргізеді, оның қызметіне сапалы түсіндірулер және жүгінген азаматтарға мәселелерді шешу қызметі енеді.

Сонымен бірге, «Antikor оrtalyǵy» алаңында мақсатты топтарға арналған түсіндіру және білім беру шаралары, үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлеріне арналған тренингтер, мемлекеттік органдардың еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізу жоспарлануда.

         «Бүгін барлық процестер қаншалықты ашық өтетініне Сіздердің көздеріңіз жететін болады. Азаматтар үшін ыңғайлы және қолайлы жағдайлар жасалған» - деп өз пікірімен бөлісті Департаменттің ардагерлер кеңесінің өкілі Амантай Есімов – «Осыған байланысты мекеме сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әдеттегі жұмысынан қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге және халықтың сыбайлас жемқорлықтың кез келген түрінен саналы түрде бас тартуына және бірінші кезекте алдын алу шараларының басымдылығына көшуді мақсат етіп отыр».

         Сонымен бірге, ол барлық азаматтарды қалыс қалмай, әділетсіздіктен өтіп кетпеуге шақырды.

         Естеріңізге саламыз, мемлекеттік органдар және квазимемлекеттік секторлар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне кез болған кез келген азамат Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, немесе в сall-орталығы 1424 жүгіне алады, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі Департаменттің мына ресми сайттары арқылы хабарлауына болады:

Facebook: https://www.facebook.com/anticorruption.kostanay

Instagram: https://www.instagram.com/antikorruption_kostanay

 

15.04.2022-ғы № 11-1-1-1768 шығыс хаты

15.04.2022-ғы № 1692 кіріс хаты

СОҢҒЫ ЖЫЛЫ ӘР ЖИЫРМАСЫНШЫ ҚОСТАНАЙЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІСІНЕ ТАП БОЛАДЫ

 

Ол туралы осы жылы Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамашылық етуі бойынша өңір тұрғындарымен жүргізілген әлеуметтік домалақ сауалнама қорытындысы куәлік етеді.

        «Сауалнамаға Қостанай облысының барлық қалалары мен аудандарын қосқанда түрлі мақсаттағы топтардан барлығы 10,5 мыңнан астам сұхбатқа жауап беруші қатысты» - деді журналистерге Департамент басшысы Серікжан Мырзалы.

        Оның сөзі бойынша соңғы жылы азамттар өз мәселелерін шешу үшін лауазымды тұлғаларға пара немесе сыйлық беру арқылы «ынталандыруға» мәжбүр болған жағдайға тап болды ма деген сұраққа азаматтардың 47% иа деп жауап берген. Ал сол факті болған мемлекеттік орган немесе саланы көрсетіңізші  деген өтінішке азаматтардың көпшілігі полиция органын, білім беру ұйымдары, жергілікті әкімдік аппараттарды және ХҚКО қызметтерін көрсеткен.

        «Бұл ретте, сұхбатқа жауап бершгендердің тек 18%-ы өз өңіріндегі сыбайлас жемқорлықтың даму деңгейі орташа республикалық деңгейден жоғары немесе соған ұқсас деңгейде деп санайды» - деп атап көрсетті Департамент басшысы.

        Сонымен қатар, сұхбатқа жауап бергендердің 80%-ы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке деген сенімдерін білдірді, ал 66 %-ы қажет болған жағдайда өңір аумағындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жеке үлесін қосқысы келетінін айтты.

 

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ АНТИКОР СЕРВИСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЕСІКТЕРІ ҚАЙТА АШЫЛДЫ
Дата публикации
26 апреля 2022