Жалпыға бірдей декларациялау
Қарасу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер баскармасы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялау бойынша кезнң-кезеңмен көшу басталғанын еске салады.
Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаттары: көлеңкелі экономиканы қысқарту, әлеуметтік саясатты жетілдіру, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету.
Декларациялауға келесі мәлімет ұсыну керек: өткен жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлік
ҚР шегінен тыс жерлердегі мүліктер:
- Жылжымайтын мүлік, жер учаскелері және (немес) жер үлерстері , әуе және теңіз кемелері, ішкі сауда жүзетін кемелер , «өзен- тенізде» жүзетін кемелер.
- Көлік құралдары, арнайы техника және (немесе ) тіркемелер,
- ҚР шегінен тыс жерлерде шетелдік банктердегі банктік шоттарда жиынтығында барлық банктік салымдар бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданыста болатын АЕК- нің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы ақша.
ҚР-дағы және оның шегінен тыс жерлердегі мүлік:
- тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуы туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлес,
- бағалы қағаздар,
- инвестициялық алтын,
- зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілер,
- декларация тапсырылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанына қолданыста болатын АЕК-нің 10 000 еселенген мөлшері шегінен аспайтын сомада көрсетілетін қолма- қол ақша
- банк берешегін қоспағанда, дебиторлық және кредиторлық берешек,
- жек тұлғаның қалауы бойынша бағалау туралы есепте айқындалған құны болған кезде, бір бірлігі үшін бағасы АЕК-нің 1000 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда басқа да мүлікті көрсетілуі мүмкін.
Қарасу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы