|
|
Қазақстан Республикасы
|
«Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген) «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - Бөлім) мемлекеттік қызметтің 6 түрі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімнің орналасқан орны (мекенжайы, телефоны): Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, Исақов көшесі, 76, байланыс телефоны: 22-0-78.
2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 195 құрады, оның ішінде көрсетілетін қызметті беруші арқылы - 13, Мемлекеттік корпорация арқылы - 61, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы - 121.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны – 6 қызмет;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 2 қызмет;
тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 6 мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі;
қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 1 мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны – 6.
3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
- Құрылыс және қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну – 87;
- Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру – 61.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тәртібі туралы ақпарат Қарасу ауданы әкімдігінің ресми сайттында орналастырылған http://karasu.kostanay.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістерге қарай сайттағы осы бөлім жаңартылады. Сондай-ақ, ақпарат Бөлімнің әкімшілік ғимаратының дәлізінде және басқа да көпшілікке қолжетімді орындарда орналастырылған.
2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат: жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар):
Құқық бұзушылыққа әкеп соғатын фактілерді немесе іс-әрекеттерді анықтау үшін жағдай жасау мақсатында Бөлімде «сенім телефоны» 22-0-78 ұйымдастырылған және жұмыс істейді, ол бойынша азаматтар осындай фактілер туралы хабарлауға мүмкіндік алады. Бөлім басшысының жеке қабылдауларын өткізу арқылы халықпен кері байланыс жүйесі жолға қойылған.
Халықтың мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы хабардар болуын арттыру үшін 2021 жылдың ағымдағы кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарында бекітілген медиа-жоспарға сәйкес 1 жарияланым орналастырылды.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері – жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:
2021 жылғы 11-13 мамыр аралығында бөлімнің бас маманы мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Тұрақты негізде қызметкерлермен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, құқықтық білім мектебінің сабақтарында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдарының негізгі ережелері үнемі жария етіледі.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша): Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетіледі. Көрсетілген уақыт кезеңінде Бөліммен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдерін бұзу белгіленбеген.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері:
2021 жылдың 5 шілдеде «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» ММ ішкі бақылау, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын мониторингілеу және ақпараттық технология бөлімі басшысының м.а. Бөлімге қатысты мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманың сақталуы тұрғысынан бақылау іс-шарасын өткізді, онда мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту үшін, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша шынайы есептік ақпарат беру туралы жазбаша ұсынымдар берілді.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері: өткізілмеді.