Қарасу ауданының әдеп жөніндегі уәкілі Э.м. Мұханов кеңес өткізді. Қызметтік автокөлікті мақсатты пайдалану туралы қатаң ескертті. Мемлекеттік қызметшілердің киім нысанына қойылатын негізгі талаптар бойынша ұсыныстарды сақтайды. Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін пайдаланған кезде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.

