«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Қарасу аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қарасу ауданында 2022 жылғы 20 ақпанда сайлау тағайындалсын:
- Айдарлы ауылдық округінің әкімі;
- 2022 жылғы 20 ақпанда тағайындалған Қарасу ауданы Айдарлы ауылдық округінің әкімі сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулыға қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Қарасу аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Қарасу өңірі» аудандық газетінде жариялансын.
Комиссия төрайымы Р. Төлегенова
Комиссия хатшысы А. Қанапина