Қарасу ауданы ауылдары және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

№ 15/17                                                                                                           2021 ж. «25» маусым

 

ҚАУЛЫ

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

Қарасу ауданы ауылдары және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан    Республикасындағы    сайлау    туралы»    Қазақстан   Республикасы   Конституциялық   заңының    113-1-бабына сәйкес Қарасу аудандық  сайлау  комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қарасу ауданында 2021 жылғы 25 шілдеге сайлау тағайындалсын:

- Жалғысқан ауылының әкімі;

- Қарасу ауылдық округінің әкімі;

 - Ушаков ауылдық округінің әкімі;

-  Черняев ауылдық округінің әкімі.

  1. 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Қарасу ауданы ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулыға қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. 3. Осы қаулы Қарасу аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Қарасу өңірі» аудандық газетінде жариялансын.

 

 

Комиссия төрайымы                                          Р. Төлегенова

 

 

Комиссия хатшысы                                            Ю. Рогозик

Дата публикации
25 июня 2021