"Қарасу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" ММ 2021 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпаратты орналастырады.
Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің 2018 жылғы 15 тамыздағы №18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларының 7-тармағының 3-тармақшасына сәйкес "Қарасу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" ММ үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен жария талқылау үшін 2021 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпаратты орналастырады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын мемлекеттік органның Интернет-ресурсында жария талқылау мерзімі орналастырылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кем болмауы тиіс.
Ескертулер және (немесе) ұсыныстар электрондық мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз politika_karasu@mail.ru өйткені Қарасу ауданы әкімінің сайтында кері байланыс жоқ.
|
№ |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (теңге) |
Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың мақсатты тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1 |
"Жасыл Ел" жастар еңбек жасақтарының қызметін қамтамасыз ету |
4600,0 |
|
Аудан тұрғындары |
Әлеуметтік жобаны іске асыру |
|
2 |
Қарасу ауданында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған, оның ішінде жастар арасында іс-шаралар өткізу |
300,0 |
|
Аудан тұрғындары |
Әлеуметтік жобаны іске асыру |
|
3 |
Рухани жаңғыру "бағдарламасын іске асыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру" |
600,0 |
|
Аудан тұрғындары |
Әлеуметтік жобаны іске асыру |