«Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметінің есебі

«Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметінің есебі

  1. Жалпы ережелер

1) Қызмет беруші туралы мәлімет:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы) сәйкес «Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-спорт бөлімі) 1 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімнің орналасқан жері (мекенжайы,телефоны): Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А. Исаков көшесі, 75 үй, байланыс телефондары: 21-9-28, 79-0-38.

2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 104 құрады, оның ішінде көрсетілетін қызметті беруші арқылы - 104, мемлекеттік корпорация арқылы – 104

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттік қызметтер саны-1 қызмет;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 1 қызмет;

тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-1 Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі;

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны-1 Мемлекеттік қызмет;

мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны-2.

 

3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

«2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру»

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

Спорт бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қарасу ауданы әкімдігінің ресми сайттарында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Сондай-ақ, ақпарат бөлімнің әкімшілік ғимаратының 1-ші қабатындағы фойеде және басқа да көпшілікке қолжетімді орындарда орналастырылған.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат: жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар):

Құқық бұзушылыққа әкелетін фактілер мен іс-әрекеттерді анықтау үшін жағдай жасау мақсатында спорт бөлімінде 21-9-28 «сенім телефоны» ұйымдастырылған және жұмыс істейді, ол бойынша азаматтар осындай фактілер туралы хабарлауға мүмкіндік алады. Келушілер үшін қолжетімді жерлерде «ескертулер, ұсыныстар мен пікірлер үшін» арнайы жәшік орнатылған. Спорт бөлімінің басшысымен, сондай-ақ бас мамандармен жеке қабылдаулар өткізу арқылы халықпен кері байланыс жүйесі жолға қойылған.

Халықтың мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы хабардар болуын арттыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарында 2020 жылдың ағымдағы кезеңінде 2 жарияланым орналастырылды («Қарасу өңірі» газеті.)

Сондай-ақ бөлімнің Instagram әлеуметтік желілерінде тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша материалдар жарияланады.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері - жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:

Тұрақты негізде қызметкерлермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, құқықтық білім мектебінің сабақтарында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдарының негізгі ережелері үнемі жария етіледі.

Спорт бөлімінің қызметкерлері тоқсан сайын спорт жөніндегі әдіскерлермен, БЖСМ жаттықтырушыларымен «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі»

Мемлекеттік қызметшілерді біліктілікті арттыру курстарында оқыту тұрақты түрде қамтамасыз етіледі. Ағымдағы жылы 1 мемлекеттік қызметші «мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында семинарға қатысты (2020 жылдың 10-12 тамызынан бастап, 2020 жылдың 17-19 тамызынан бастап).   Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша): көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар келіп түскен жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері: мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетіледі. Көрсетілген уақыт кезеңінде бөліммен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдерін бұзу белгіленбеген.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері:

2020 жылдың 24 ақпанынан 25 ақпанына дейін Қарасу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі бас инспекторы спорт бөліміне қатысты мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнаманы сақтау мәніне бақылау іс-шарасын өткізді, онда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша шынайы есептік ақпарат беру туралы жазбаша ұсынымдар берілді.

4) Қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

мемлекеттік қызметтер: жүргізілген жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына қызмет алушылардың қанағаттануын арттыру: осы бағыт бойынша жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.
Дата публикации
30 апреля 2021