Қарасу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі ММ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметінің есебі

Қарасу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесінің қызметінің есебі» Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну".

 

 

    Жалпы ережелер

  1. Қарасу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (бұдан әрі-Бөлім) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ететін жоспарлау жүйесін дамытуда басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Бөлімнің құрылтайшысы Қарасу ауданының әкімдігі тұлғасында мемлекет болып табылады.
  4. Бөлім Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті органдарында және банктерде шоттары болады.

 

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы) сәйкес "Қарасу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-Бөлім) мемлекеттік қызметтердің 1 түрі көрсетіледі

Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А.Исаков көшесі, 73 үй, (1 қабат), индексі 111000. Байланыс телефоны 8 (71452) 21-5-88, факс 21-8-64

 

 

Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

2020 жылы республикалық бюджет қаражатынан «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы шеңберінде 63,356  миллион теңге бөлініп, бір маманға 1500 АЕК-тен артық емес немесе жылдық 0,01% мөлшерінде сыйақы ставкасы бойынша он бес жылға дейінгі мерзімге 4 млн. 167 теңге есебінен 63,356 миллион теңге игерілді және 23 маманға 100 АЕК немесе 277800 теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төлеуге 6,4 миллион теңге игерілді.

Тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер біздің ауданға жұмыс істеу және тұру үшін келген білім беру саласындағы 11 маманға, денсаулық сақтау саласындағы 4 маманға, әлеуметтік қамсыздандыру-1 маманға , спорт – 1 маманға жалпы сомасы 63,356 миллион теңгеге берілді.

23 маманға көтерме жәрдемақы төленді, оның ішінде 11 - білім беру саласы, 11 - денсаулық сақтау саласы, 1 –спорт.

 

Қызмет алушылармен жұмыс.

Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар ету үшін аудандық әкімдік ғимаратында 1 қабатта «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» стенді жабдықталған, онда мемлекеттік қызмет көрсетуді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер (стандарттар, регламенттер және өзге де анықтамалық ақпарат) орналастырылған. Стендте орналасқан барлық ақпарат үнемі өзектіленеді.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат жүйелі түрде жергілікті БАҚ-та жарияланады, сондай-ақ жыл сайын Қарасу ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

МО АЖО «ХҚКО» ИАЖ ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері туралы деректер енгізіледі

 

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділігі үшін бөлім қызмет алушыларды мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мекемелері басшыларының қатысуымен Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы сапалы ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (семинарлар, кездесулер, түсіндіру әңгімелері) санын арттыруды жоспарлады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуде тезірек әрекет ету мүмкіндігі үшін қызмет алушылармен кері байланысты қамтамасыз ету қажет. Көрсетілетін қызметті алушылармен көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау мониторингін жүргізуді және жыл сайынғы мониторинг нәтижелерін талдауды жүзеге асыру қажет.

 

 

          «Қарасу ауданы әкімдігінің экономика
          және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ
          басшысы                                                                                                                                    З.Жетпісбаева

Дата публикации
30 апреля 2021