|
1. Жалпыережелер.
|
||
|
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер |
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығыМемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «Қарасу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 4 түрін ұсынады. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: |
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны |
4 |
|
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны |
1 |
|
|
тегін және (немесе) ақылы негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны |
4– тегін;
|
|
|
қағазжәне (немесе) электрондықнысандамемлекеттіккөрсетілетінқызметтер саны |
3 –электрондық / қағаз, 1 - қағаз |
|
|
мемлекеттіккөрсетілетінқызметтері бекітілген стандартардың және регламенттердің саны |
4 – стандарт, 4- регламент |
|
|
3) Аса талапетілетінмемлекеттіккөрсетілетінқызметтертуралыақпарат: |
2020 жылғы 12 айында 628 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетілді, оның ішінде: 570 қызмет egov(«Электрондық үкімет» порталы) арқылы көрсетілді. Көрсетілген қызметтердің ең көп саны электрондық түрінде көрсетіледі, есепті кезеңде электрондық түрінде 570 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілді. Ауыл шаруашылығы саласында мынадай мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін алу үшін басым жүгінеді: - Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру, 2020 жылы 370 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілді; - Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу, 2020 жылы 155 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілді; |
|
|
2.Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
|
||
|
1) Мемлекеттіккөрсетілетін қызметкөрсетутәртібітуралыақпаратқақолжеткізукөздері мен орындарытуралымәліметтер: |
Халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Қарасу ауданы әкімдігінің ресми Интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне, «Қарасу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесіне, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары, регламенттері, бөлімнің көрсетілетін қызметті берушілердің байланыс телефондары орналастырылған, олар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат алуға болатын сілтемелер орналастырылды. «Қарасу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша нормативтік құқықтық актілермен, ақпараттық-анықтамалық материалдармен стендтер ресімделді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы көрсетуге жауапты лауазымды тұлғалар белгіленді. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат
|
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 11-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылауды өткізу облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне кірмейді. |
|
|
3)Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т. б.) |
2021 жылғы 28 ақпанда бөлім басшысының жанында 2020 жылдағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету жөнінде ауыл шаруашылығы бөлімі жұмысының қорытындысы бойынша кеңес өткізілді.
|
|
|
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
|
||
|
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсету сапасына оң әсер етеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету рәсімі жеңілдетіледі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік кедергілер мен мерзімдер қысқартылады. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар |
Ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру Қостанай облысы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» КМҚК мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырудың Жоспар-кестесі негізінде жүзеге асырылады.
|
|
|
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасын бақылау
|
||
|
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат. |
Есепті кезеңде «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ және қаралған жоқ.
|
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері. |
2020 жылы бөлімде 2 ішкі бақылау іс-шара өткізілді. Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.
|
|
|
3) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері. |
|
|
|
4) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері. |
Ауыл шаруашылығы бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
|
|
|
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік келешегі.
|
||
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың негізгі бағыттары оларды автоматтандыру және Мемлекеттік корпорацияға көшіру болып табылады.Тұтастай алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету саласында мемлекеттік корпорация және «электрондық үкімет порталы» арқылы көрсетілген қызметтер санының өсуі бойынша, оның ішінде Ақпараттық жүйелер арқылы лицензиялар мен рұқсат беру құжаттарын беру бойынша оң үрдіс байқалады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыс, халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұтынушы ретінде сұраныстарына толық бағдарлана отырып жалғастырылатын болады. |
||