«Жалғысқан ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы 2020 жылдың 12 айында мемлекеттік қызметтер көрсету туралы есеп

 

1. Жалпы ережелер.

 

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес " Жалғысқан ауылы әкімінің аппараты " мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсетудің 15 түрін ұсынады.

2) барынша талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

2020 жылдың 12 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер болған жоқ.

 

2. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметте

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат " Жалғысқан ауылы әкімініңаппараты "ММ ғимаратында орналасқан стендіде орналасқан.

"Жалғысқан ауылы әкімініңаппараты " ММ-не мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпараты бар стендтер ресімделді, сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты лауазымды тұлға бекітілді.

Қызмет алу процесін оңайлату мақсатында әкім аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы құрылды, онда әрбір өтініш беруші мемлекеттік қызметті электрондық түрде өз бетінше немесе маманның көмегімен ала алады.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылауды өткізу облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне кірмейді.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар)

2020 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік мекеменің жұмысын жақсарту мәселелері бойынша ай сайын халықпен, сондай-ақ халықтың осал топтарымен компьютерлік сауаттылыққа байланысты дәрістер-семинарлар өткізіліп, ұсыныстар мен ескертулер талқыланды.

 

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсету сапасына оң әсер етеді. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімі жеңілдетіледі,Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік кедергілер мен мерзімдер қысқартылады.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында құқықтық жалпы оқыту бойынша сабақтар өткізіледі,онда өзекті тақырыптар қарастырылады, мамандар халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша семинарларға қатысады.

"Жалғысқан ауылы әкімініңаппараты" ММ мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру Қостанай облысы әкімдігінің "мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" КМҚК мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру жоспар-кестесі негізінде жүзеге асырылады.

 

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ және қаралған жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жауапты мамандармен және мемлекеттік мекеме басшысымен ішкі бақылау тұрақты негізде жүргізіледі.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

2020 жылғы 23 сәуір уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар мен ескертулер анықталған жоқ.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Мемлекеттік мекемеде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілмеген.

5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары.

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың негізгі бағыттары оларды автоматтандыру және мемлекеттік корпорацияға беру болып табылады. Жалпы алғанда, мемлекеттік қызметтер саласында мемлекеттік корпорация мен «электрондық үкімет порталы» арқылы көрсетілетін қызметтер санының артуына жағымды үрдіс байқалады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тұтынушысы ретінде халықтың қажеттіліктеріне толығымен назар аударылатын мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыс жалғасатын болады.

Дата публикации
30 апреля 2021