1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы) сәйкес «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - бөлім) Мемлекеттік қызметтің 14 түрі көрсетіледі.
Бөлімнің орналасқан жері (мекенжайы,телефоны): Қарасу ауылы, Исаков көшесі, 62 үй, Байланыс телефондары: 2-10-59, 2-18-11.
2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 555, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы - 158, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы - 32, кент, ауыл әкімі - 365.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
мемлекеттік қызметтер саны-14 қызмет;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 12;
тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-14 мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі;
қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны-14 мемлекеттік қызмет;
мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны-10.
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау - 310;
Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету-68;
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау-87.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тәртібі туралы ақпарат Қарасу ауданы әкімдігінің ресми сайтында орналасқан. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістерге қарай сайттағы ақпарат жаңартылады. Сондай-ақ ақпарат Бөлімнің фойесінде орналастырылған.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат: жоқ.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар):
Құқық бұзушылыққа әкелетін фактілер мен іс-әрекеттерді анықтау үшін жағдай жасау мақсатында бөлімде 2-10-59 «сенім телефоны» ұйымдастырылған және жұмыс істейді, ол бойынша азаматтар осындай фактілер туралы хабарлауға мүмкіндік алады. Келушілер үшін қолжетімді жерде «Ескертулер, ұсыныстар мен пікірлер үшін» арнайы жәшік орнатылған. Бөлім басшысының, сондай-ақ оның орынбасарының жеке қабылдауларын өткізу арқылы халықпен кері байланыс жүйесі жолға қойылған.
Халықтың мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы хабардар болуын арттыру үшін 2020 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында 5 жарияланым орналастырылды.
Сондай-ақ, бөлімнің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша материалдар тұрақты түрде жарияланып тұрады.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері - жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:
Тұрақты негізде қызметкерлермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, құқықтық білім мектебінің сабақтарында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдарының негізгі ережелері үнемі жария етіледі.
Мемлекеттік қызметшілерді біліктілікті арттыру курстарында оқыту тұрақты түрде қамтамасыз етіледі. Үстіміздегі жылы үш мемлекеттік қызметші біліктілікті арттыру семинарларына қатысты.
3) мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша): мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері: мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетіледі. Көрсетілген уақыт кезеңінде бөліммен және жұмыспен қамту орталығымен мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері:
2020 жылы тексеру жүргізілген жоқ.
4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері: жүргізілген жоқ.