«Люблин ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметінің есебі

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес (Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы) «Люблин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі –әкім аппараты) мемлекеттік қызметтердің 7 түрі көрсетіледі және 9 мемлекеттік қызметте өтініштерді қабылдауды және нәтижелерді беруді жүргізеді.

Мемлекеттік қызмет көрсететін әкім аппаратының орналасқан жері (мекенжайы, телефоны): Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Люблин ауылы, Октябрьская көшесі, 38 үй, Байланыс телефондары: 8-714-52-96-2-18

2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 1, оның ішінде көрсетілетін қызметті беруші арқылы (кенттің, ауылдың ауылдық округінің әкімі) - 1, Мемлекеттік корпорация-1, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы -0.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттік қызметтер саны-7 қызмет;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 2 қызмет;

тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 6 мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі;

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 7 мемлекеттік қызмет;

мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны-7.

 

3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

- Ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну -1;

- Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою - 0;

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-0;

  • Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу-0;
  • Жер учаскесін алу үшін кезекке қою - 0;
  • Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру-0;
  • Жер учаскесін жеке меншікке сату, төлемін бір жола немесе бөліп-бөліп төлеу - 0.

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

Аудан әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қарасу ауданы әкімдігінің ресми сайттарының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналасқан. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістерге қарай, сайттағы ақпарат жаңартылады. Сондай-ақ, ақпарат әкім аппаратының 1-ші қабатының фойесінде көпшілікке қолжетімді жерде орналастырылған.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат: жоқ.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар):

Құқық бұзушылыққа әкеп соғатын фактілерді немесе іс-әрекеттерді анықтау үшін жағдай жасау мақсатында әкім аппаратында 8-714-52-96-72 «сенім телефоны» ұйымдастырылған және жұмыс істейді, ол бойынша азаматтар осындай фактілер туралы хабарлауға мүмкіндік алады. Келушілер үшін қолжетімді жерлерде «ескертулер, ұсыныстар мен пікірлер үшін» арнайы жәшік орнатылған. Сондай-ақ, әкім аппараты орналасқан ғимаратта бейнебақылау камералары жұмыс істейді. Әкім аппараты басшысының жеке қабылдауы арқылы халықпен кері байланыс жүйесі ұйымдастырылған (жеке қабылдаудан 6 өтініш).

Халықтың мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы хабардар болуын арттыру үшін, бұқаралық ақпарат құралдарында 2020 жылы 1 жарияланым орналастырылды (2020 жылғы 18 маусымда аудандық «Қарасу Өңірі» газетінде «ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызметті қалай алуға болады» мақаласы жарияланды)

Сондай-ақ, Қарасу ауданы әкімдігінің ресми сайтында тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша материалдар жарияланады.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері - жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:

 

Тұрақты негізде қызметкерлермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, құқықтық білім мектебінің сабақтарында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдарының негізгі ережелері үнемі жария етіледі. Әкім аппаратының отырыстарында 10 қаңтар, 2 шілде, 20 қазан күндері «Люблин ауылдық округі әкімінің аппараты»ММ Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша әкім аппаратының бас маманының есептік ақпараты тыңдалды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын түсіндіру мақсатында 2020 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері бойынша халықпен бір кездесу өткізілді

Мемлекеттік қызметшілерді біліктілікті арттыру курстарында оқыту тұрақты түрде қамтамасыз етіледі. Үстіміздегі жылы бір мемлекеттік қызметші «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбындағы семинарға қатысты (2020 жылдың 10-12 тамыз аралығында). Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификат берілді.

3) мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша): мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері: мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетіледі. Көрсетілген уақыт кезеңінде әкім аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мерзімдерін бұзуы анықталған жоқ.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері:

2020 жылғы 26 мен 27 қазан аралығында «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» ММ ішкі бақылау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингілеу және ақпараттық технологиялар бөлімімен Мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнаманың сақталуы тұрғысынан әкім аппаратына қатысты бақылау іс-шарасы өткізілді, онда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша шынайы есептік ақпарат беру туралы жазбаша ұсынымдар берілді.

4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері: жүргізілген жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына қызмет алушылардың қанағаттануын арттыру: осы бағыт бойынша жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.
Дата публикации
30 апреля 2021