Мәслихаттың 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 454 «Қарасу ауданының 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Мәслихаттың 2020  жылғы 28 желтоқсандағы № 454
«Қарасу ауданының 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы»
шешіміне өзгерістер
мен толықтыру енгізу туралы

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106-бабына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

  1. Мәслихаттың «Қарасу ауданының 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 454 шешіміне (2020 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық  бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік   құқықтық актілерді  мемлекеттік  тіркеу тізілімінде № 9671 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

          көрсетілген шешімнің 1-тармағы  жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қарасу ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті  тиісінше   1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 4 738 141,0  мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсімдер бойынша – 1 567 234,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 13 548,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша –13 688,0 мың теңге; 

трансферттер түсімі бойынша –  3 143 671,0 мың теңге;

2) шығындар – 5 150 319,8   мың теңге;  

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 60 563,0  мың теңге,  оның iшiнде:

бюджеттiк кредиттер – 87 510,0  мың теңге; 

бюджеттiк кредиттердi өтеу – 26 947,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге, оның ішінде:

          қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 379 802,0 мың теңге; 

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 379 802,0 мың теңге.»;

4 тармақ мынадай мазмұндағы 4-1, тармақтарпен толықтырылсын:

«4-1.2021 жылға арналған аудандық бюджетте 2020 жылы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару 226,8 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

республикалық бюджеттен 2,9 мың теңге, облыстық бюджеттен 223,9 мың теңге сомасында.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына  сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шешім жобасы
Дата публикации
22 января 2021