Қарасу аудандық мәслихат аппараты басшысының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қарасу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы (индексі 111000, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А. Исқаков көшесі, 68, анықтама үшін телефондар:  8 (71452) 21788, факс 8 (71452) 21258, электрондық пошта: maslihatkarasu@mail.ru) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Қарасу аудандық мәслихатының аппарат басшысы, Е-2 санаты, 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты:  134851  теңгеден  182456  теңгеге дейін.         

Функционалдық міндеттері:

Мәслихат   аппаратын  басқарып және  қызметінің үйлестіреді. Аудандық  мәслихаттың  регламентін  сақталуын қамтамасыз етуін және бақылауын  жүзеге  асырады. Депуттардың, тұрақты комиссиялардың, аудандық мәслихаты хатшысының, аудан әкімінің ұсыныстары, мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттары негізінде аудандық мәслихаты жұмысының перспективтік (жылдық)  жобасын құрастырады,  сессияда  бекітілгеннен  соң  орындалуына бақылау жасайды. Аудандық мәслихаттың аппараттында ағымдағы жоспарлауды жүзеге асырады. Тұрақты, уақытша комиссиялардың  және  депуттардың   сессияға дайындығын, қатысуын, аудандық мәслихаттың сессиясына дайындығы және өткізуі бойынша жұмысын  қамтамасыз етеді. «Депутат күні», көпшілік  тыңдаулардың  өткізуін  қамтамасыз етеді. Аудандық  мәслихаты  сессиялар  шешімдерінің   орындалуы  бойынша жұмысты ұйымдастырады. Аудандық аймақтық сайлау  комиссиясымен сайлау комиссияларын қалыптастыру  сұрақтары бойынша  байланысты жүзеге асырады.  Аппарат қызметкерлерінің айлық жоспарларын орындауды апта сайынғы бақылауды жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың  сақталуын бақылауды, мемлекеттік қызметкерлердің Ар-Намыс кодексі және аппарат қызметкерлерінің атқарушы   тәртібін  жүзеге  асырады. Мемлекеттік мұрағатқа  құжаттарды тапсыру және даярлығы, аппаратта іс- жүргізу және құжатайналымды жүргізуге бақылауды жүзеге асырады. Жеке сұрақтар бойынша қабылдау және сайлаушылармен аудандық мәслихатының депутаттардың кездесу үшін ұйымдастыруын жәрдемдеседі. Кездесулер қорытындысы бойынша қорытынды құжат дайындайды, депутаттардың сайлаушылармен кездесу үшін материалдар дайындауын қамтамасыз етеді. Депутаттардың сауалдары мен өтініштерін ресімдеуге көмек көрсетеді, орындалуын бақылауды  жүзеге асырады. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жұмыс ұйымдастыруда практикалық көмек көрсетеді. Сайлау комиссияларын қалыптастыру  сұрақтары бойынша жұмыс ұйымдастырады. Аудандық мәслихатында азаматтардың өтініштерін уақытында қаралуын бақылауды жүзеге асырады. Аудандық мәслихат депутаттарының қызметінің мониторингін жүзеге асыру. «Қазақстан мәслихаттарының депутаттар бірлестігі» республикалық  қоғамдық бірлестігімен жұмыс жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес құқық, гуманитарлық ғылымдар, техникалық ғылымдар және технологиялар, жаратылыстануғылымдар, ауылшаруашылық ғылымдар.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.  

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылы А. Исаков к-сі, 68, 111000 мекенжайы бойынша құжаттарды ұсынады.

Анықтамалар үшін телефон: 8 (71452) 21788, факс 8 (71452) 21258, электрондық почтасы: maslihatkarasu@mail.ru)  қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почтаның мекенжайына электрондық түрде не «Е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Мемлекеттік органның электрондық почтасының мекенжайына электрондық түрде не «Е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы құжаттарды ұсыну кезінде олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Құжаттарды Қарасу ауданы әкімдігінің сайтында «аудандық мәслихаты» бөлімінде және уәкілетті органның Интернет-ресурсында жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күн ішінде ұсынуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде «Қарасу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Қарасу аудандық мәслихат аппаратының кадр қызметінде тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Бұл ретте, кадр қызметі әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Дата публикации
25 января 2021