"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі 29-ға тағайындалған негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбелік жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/99 қаулысына сәйкес 2026 жылғы қараша", Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қарасу аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
Осы қаулы сайлауды қамтамасыз ету және өткізу үшін Қарасу ауданының округтік және учаскелік сайлау комиссияларына жіберілсін.
Осы қаулы Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ресми интернет - бетінде жариялансын.
Комиссия төрағасы А. Едігенов
Комиссия хатшысы Б. Базарбаева