Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы

"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қарасу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындар белгіленсін. 
2. Қарасу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес пикет өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.                                                                                                                          
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 
 
 
Қарасу аудандық мәслихатының төрағасы С. Қажиев

 

 

Дата публикации
01 октября 2026