Қарасу ауданы бойынша шетел азаматтары үшін 2026 жылға арналған туристік жарна ставкаларын бекіту туралы

Қарасу аудандық мәслихатының "Қарасу ауданы бойынша шетел азаматтары үшін 2026 жылға арналған туристік жарна ставкаларын бекіту туралы" шешімінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Қарасу ауданы әкімінің ресми сайтында 2026 жылғы 23 шілдеде орналастырылды.

Шешім жобасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, "шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына сәйкес әзірленді.

НҚА жобасын әзірлеудің мақсаты 2026 жылға туристерді орналастыру орындарында болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде шетелдік азаматтар үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту болып табылады.

 Жобаны қабылдау теріс, әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқпайды, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді.

қоғамдық талқылаулар сілтеме арқылы қол жетімді https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15879074

Дата публикации
29 июля 2026